Выйти
RU

COVID-19: Қазақстандағы науқастар саны 979-ға жетті

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қазақстанда коронавирус жұқтырудың тағы алты дерегі расталды. Осылайша, елімізде COVID-19 инфекциясы анықталғандар саны 979- ға жетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Коллаж: NUR.KZ

Коллаж: NUR.KZ

13 сәуір 14.30-дағы мәлімет бойынша, Нұр-Сұлтан қаласында 4 адам, Солтүстік Қазақстан облысында 1 адам, Шығыс Қазақстан облысында 1 адам тіркелді.

Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 257 адам, Алматы қаласында 172 адам, Қарағанды облысында 76 адам, Ақмола облысында 71 адам, Атырау облысында 59 адам, Жамбыл облысында 46 адам, Шымкент қаласында 38 адам, Шығыс Қазақстан облысында 8 адам, Алматы облысында 21 адам,
Ақтөбе облысында 11 адам, Солтүстік Қазақстан облысында 26 адам, Павлодар облысында 10 адам, Маңғыстау облысында 10 адам, Қызылорда облысында 119 адам, Батыс Қазақстан облысында 9 адам, Түркістан облысында 43 адам, Қостанай облысында 3 адам - жалпы 979 науқас анықталып отыр.

Айта кетейік, Қазақстанда коронавирустан айыққандар саны 110-ға жетті. 13 сәуір күні дерттен емделіп шыққан 11 адамның алтауы Нұр-Сұлтан қаласында, үшеуі Атырау облысында, екеуі Қызылорда және Маңғыстау облысында тіркелді. Елордадағы аурудан жазылғандардың бірі 82 жастағы әйел болып шықты.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
COVID-19: Қазақстандағы науқастар саны 979-ға жетті