Выйти
RU

Елімізде коронавирус індетінен тағы бір адам көз жұмды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Ақмола облысында коронавирус індетінен бір науқас көз жұмды. Бұл қауіпті дерттен қайтыс болған он екінші науқас деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

"Ақмола облысында коронавирус індетінен бір науқас көз жұмды. Науқас 1936 жылы дүниеге келген", - делінген хабарламада.

Қауіпті дерттен қайтыс болғандар:

Нұр-Сұлтан қаласы – 1

Алматы қаласы – 2

Шымкент қаласы – 1

Ақмола облысы – 4

Шығыс Қазақстан облысы – 1

Қарағанды облысы – 1

Павлодар облысы – 1

Түркістан облысы – 1

Еске сала кетсек, бүгін Шығыс Қазақстан облысында коронавирус инфекциясынан бір адам көз жұмған. Кейінірек марқұм туралы тың ақпараттар шықты.

Ал, Қазақстанда коронавирустан айыққандар саны 110-ға жетті. 13 сәуір күні дерттен емделіп шыққан 11 адамның алтауы Нұр-Сұлтан қаласында, үшеуі Атырау облысында, екеуі Қызылорда және Маңғыстау облысында тіркелді. Елордадағы аурудан жазылғандардың бірі 82 жастағы әйел болып шықты.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Елімізде коронавирус індетінен тағы бір адам көз жұмды