RU

Арыс қаласында бір отбасының бес адамы бірдей коронавирус жұқтырған

Түркістан облысы Арыс қаласында бір отбасының бес мүшесі коронавирус инфекциясын жұқтырғаны белгілі болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Instagram

Ведомство мәлімтінше, барлық науқастардың жағдайы қанағаттанарлық.

Белгілі болғандай, вирус жұқтырғандар оқшауланып, тиісті ем қабылдап жатыр.

"Арыс қаласында тұратын 1965 жылы туған азаматша мен 1987 ж., 1989 ж., 1998 ж., 2004 ж., 2010 ж. туған бір отбасының мүшелері қауіпті індет жұқтырған. Коронавирус жұқтырған тағы бір науқас Бәйдібек ауданы, Бөген ауылдық округі, Мыңбұлақ ауылының 1987 жылғы тұрғыны. Ол COVID-19 вирусын жұқтырған азаматпен жақын байланыста болған", - делінген облыс әкімдігінің хабарламасында.

Жалпы облыс бойынша Жетісай ауданында – 14 адам тіркелген, оның ішінде 1956 ж азамат 4 сәуір күні қайтыс болған.

Сондай-ақ, Кентауда - 5, Ордабасы- 2, Сайрам - 2, Мақтарал - 4, Арыс - 14, Сарыағаш - 1, Бәйдібек -1 тұрғыны коронавирус инфекциясын жұқтырған.

Cоңғы деректер бойынша, елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың саны 979-ға жетті.

Айта кетейік, Қазақстанда коронавирустан айыққандар саны 110-ға жетті. 13 сәуір күні дерттен емделіп шыққан 11 адамның алтауы Нұр-Сұлтан қаласында, үшеуі Атырау облысында, екеуі Қызылорда және Маңғыстау облысында тіркелді. Елордадағы аурудан жазылғандардың бірі 82 жастағы әйел болып шықты.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1850459-arys-kalasynda-bir-otbasyny-bes-adamy-birdej-koronavirus-zktyrgan.html