RU

Полицейлердің үш баланың әкесін ұрған сәті бейнеленген видео Қазнетте тарады

Әлеуметтік желілерде Теміртауда полицияның белгісіз азаматты соққыға жыққаны бейнеленген видео пайда болды. Сонымен қатар, автордың айтуынша, мұның бәрі кәмелетке толмағандар балалардың көз алдында болған. Тәртіп сақшылары айыптауларға жауап берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Полицейлердің үш баланың әкесін ұрғаны бейнеленген видео Қазнетте тарады
Фото: Видеодан кадр: UGC

Құқық қорғау органдарының қызметкерлерінің айтуынша, бұл сенімді ақпарат емес. Жазбада көрсетілген жағдайлар зерттеліпті. Анықталғандай, видео 12 сәуірде түсірілген.

32, 37 және 39 жастағы үш мас адам төтенше жағдай мен карантинге қарамастан, Теміртау қаласындағы өткізу пунктін айналып өтпек болған. Нұра өзеніндегі көпірдің астында тәртіп сақшылары азаматтарды байқап қалыпты.

39 жастағы ер адам қарсылық көрсеткен. Үшеуіне де төтенше жағдай режимін бұзу туралы хаттама толтырылып, полицияға бағынбағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Бүгін екі ер адамның әрқайсысы 5 тәулікке қамауға алыныпты. ҚР ӘҚБтК-нің екі бабы бойынша тәртіп бұзушылық орын алған үшінші адам 10 тәулікке қамауға алынды.

Өңір полициясы әлеуметтік желілердегі парақшаның әкімшілігіне ақпаратты тексеру, сондай-ақ осындай өтініштер түскен жағдайда құзыретті органдардан түсініктеме алу туралы өтініш білдірді.

Ведомствода жалған мәліметтерді таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске салды. Бұл үшін жеті жылға дейін түрмеге қамау қаупі төніп тұр.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1850465-policejlerdi-s-balany-kesin-rgan-sti-bejnelengen-video-kaznette-tarady.html