Выйти
RU

Бірде-бір адам өлмеген: Вьетнамның вирусқа қарсы нәтижелі күресінің сыры неде

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Вьетнам батыл оқшаулау шаралары мен әлеуметтік ауызбіршіліктің арқасында коронавирус пандемиясының қайғылы салдарын бастан кешіп жатқан жоқ деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Lenta.ru-ға сілтеме жасап.

Фото: Getty Images / Linh Pham

Фото: Getty Images / Linh Pham

South China Morning Post басылымының ақпарынша, Вьетнамның дағдарысқа қарсы әрекеті Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы тарапынан мақтауға ие болды. Қытаймен шекараласып жатқанына қарамастан, елде инфекция жұқтырғандар саны Оңтүстік Корея, Сингапур мен Тайваннан қарағанда едәуір төмен. Вьетнамның пандемияға қарсы нәтижелі шаралары әлемдік БАҚ өкілдерінің де назарынан тыс қалған жоқ. Айта кетерлігі, бұл елде жаңа вирустан бірде-бір адам қайтыс болмаған.

Вьетнамдағы ДДСҰ өкілі Кидун Парктің пікірінше, елдің дағдарысқа қарсы ерте әрекет етуі жетістіктің маңызды факторына айналды.

"Вьетнам аурудың өршуіне ерте әрі белсенді әрекет ете бастады. Олардың тәуекелдерді бағалау бойынша бірінші зерттеулері қаңтар айында басталып кетті", – деді ол.

Елде вице-премьердің басшылығымен COVID-19-ды бақылау және ескерту бойынша ұлттық комитет құрылды. Олар бірден ауруға қарсы әрекет ету бойынша ұлттық жоспарды ұсынды. Жергілікті мектептер қаңтар айында жабылды. 16 наурызда жаппай карантин енгізіліп, 25 наурыздан бастап халықаралық әуе рейстері тоқтатылды. Ішкі әуе, теміржол және автобус рейстерінің басым бөлігі тоқтады. Ал маска киюден бас тартып, басқа адамға инфекция жұқтырған үшін 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылды.

Тағы да оқыңыздар

Қазақстан туралы қызықты деректер

Айта кетейік, 13 сәуірдегі жағдайға сәйкес, Вьетнамда коронавирусқа шалдығудың 262 оқиғасы тіркелген. Бірде-бір науқас аурудан көз жұмған жоқ.

Бұған дейін қытайлық дәрігер коронавирустың екінші толқыны қашан болатынын болжаған еді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Бірде-бір адам өлмеген: Вьетнамның вирусқа қарсы нәтижелі күресінің сыры неде