Выйти
RU

Алматыда вирус жұқтырған 27 дәрігердің екеуінің жағдайы ауыр

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы Тілеухан Әбілдаев коронавирус инфекциясын жұқтырған дәрігерлердің жағдайы туралы айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Алматыда ауырып қалған 27 дәрігердің екеуінің жағдайы ауыр деп бағалануда

Көрнекі фото: instagram.com/kaz.nurkz

Оңтүстік астананың соңғы 24 сағатында 27 дәрігер коронавирус жұқтырды. Олардың арасында 6 ер адам, 21 әйел және жүкті келіншек те бар.

Дәрігерлер екі медициналық қызметкердің жағдайын ауыр деп бағалайды. Оларда полиэцементальды пневмония бар. Қалған 25 адамның жағдайы қанағаттанарлық деп хабарлайды денсаулық сақтау басқармасы.

Қалалық орталық клиникалық ауруханада вирус жұқтырған 20 фельдшер жұмыс істеді, олар шұғыл медициналық көмек көрсетуді жалғастырған.

Қалған 7 адам - балалар жұқпалы аурулар ауруханасының қызметкерлері. Олар 4 сәуірде коронавирус сынағын өткізді, бірақ ол кезде нәтиже теріс болған. Болжам бойнша медициналық қызметкерлер белгілерсіз вирус жұқтырған науқастардан жұқтырып алған болуы мүмкін.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша эпидемиологиялық тексеріс жүргізілуде деп атап өтті ведомствода.

Қазір басқа медициналық қызметкерлерді тексеру бойынша барлық шаралар жүргізілуде, барлық қалалық емханаларда эпидемиологияға қарсы шаралар күшейтілген, коронавирусты тексеру үшін қызметкерлер міндетті тексеруден өтті.

Жалпы, жұқпалы аурулар ауруханасында қазіргі уақытта 122 адам жатыр. 89 науқастың жағдайы қанағаттанарлық, 8 - ауыр, 25 ересекте - орташа ауыр өтуде.

Тағы да оқыңыздар

Бөлмеде өсіруге арналған гүлдер

Ем қабылдап жатқандар арасында жүкті 3 әйел бар. Алматы ауруханаларында инфекцияның бүкіл таралу кезеңінде 49 адам жазылды. Олардың ішінде 47 ересек және 2 бала. Екі адам қайтыс болды.

Дәріханаларда 186 адам бар, олардың 10-ы балалар, 426-сы карантиндік оқшаулауда, ал 6199 адам үй карантинінде.

Алматыдағы медициналық мекемелер дәрі-дәрмектермен және медициналық құрылғылармен толық қамтамасыз етілген, медициналық қызметкерлерге арналған 3 мың қорғаныс костюмдері бар.

Сонымен қатар, барлық медициналық ұйымдар дезинфекциялық құралдармен және терінің антисептиктерімен қамтамасыз етілген. Бұған республикалық және жергілікті бюджеттен қаржы бөлінді деп хабарлады денсаулық сақтау басқармасынан.

Естеріңізге сала кетейік, БҚО-да коронавирус жұқтырған медбике туралы мәлімет жарияланды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Алматыда вирус жұқтырған 27 дәрігердің екеуінің жағдайы ауыр