Выйти
RU

Алматылық дәрігерлер қосымша ақы алып жатыр ма: ДСБ басшысы жауап берді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Алматы денсаулық сақтау басқармасының бастығы оңтүстік астананың медицина қызметкерлері коронавируспен күресу үшін бөлінген президенттік қосымша үстеме ақыны қашан алатынын мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

ДСБ Алматыдағы медицина қызметкерлерінің қосымша ақыны қашан алатын хабарлады

Көрнекі фото: KAZ.NUR.KZ

Тілеухан Әбілдаевтың айтуынша, коронавируспен күресіп жатқан қалалық медицина қызметкерлері сәуір айының басынан бастап үстеме аақы алып жатыр.

Президент тапсырмасынан соң бюжеттен 1134,8 млн теңге бөлінген. Қосыша жалақыны барлығы 3,711 адам алады деп күтілуде.

Әбілдаев бүгінде жұқпалы аурулар ауруханаларының 555 қызметкеріне 375,1 миллион теңге көлемінде ақшалай қаражат төленгенін алға тартты.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен олар ең төменгі 20 жалақының мөлшеріндей үстеме ақы алуы керек деп сендірді.

  • Айтуынша, уақытша ауруханалар мен жедел жәрдем ауруханаларының 2283 қызметкеріне 569,9 млн теңге төленген. Сонымен қатар, карантиндік ауруханалардың 874 қызметкері, санитарлық дәрігерлер, жедел жәрдем жүргізушілері жалпы сомасы 118,3 млн теңге көлемінде үстеме ақы алыпты.

Оңтүстік астананың денсаулық сақтау басқармасының басшысы қосымша төлемдер нақты жұмыс істеген сағаттар үшін ғана төленеді деп сендірді.

Әбілдаевтың сөзінше, медицина қызметкерлерінің 96%-ы үстеме ақы алған, төленген ақшаның жалпы сомасы 1063,3 млн теңгені құрады.

Тағы да оқыңыздар

Тележүргізуші Дана Нұржігіттің өмірбаяны

Ертеңге дейін жедел жәрдем және екі карантин орталығы қызметкерлері де қосымша жалақы алады деп күтілуде.

Естеріңізге сала кетейік, Алматыда вирус жұқтырған 27 дәрігердің екеуінің жағдайы ауыр екенін жазған едік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Алматылық дәрігерлер қосымша ақы алып жатыр ма: ДСБ басшысы жауап берді