Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда коронавируспен ең көп адам қай кезде ауырады деп күтілуде

Опубликовано:

Бүгін Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігінің комитеті еліміздің ғылыми орталықтарының коронавирус жұқтырудың ең жоғары деңгейіне қатысты болжамын жариялады. Қазақстанда аурудың ең көп мөлшері сәуір немесе мамыр айларында болады деп күтілуде деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қазақстанда коронавируспен ең көп адам қай кезде ауырады
Көрнекі фото: KAZ.NUR.KZ: UGC

Комитет жетекшісі Людмила Бюрабекова ғалымдардың болжамына сәйкес, елде вирус жұқтырудың шыңына жеткен кезде науқастар саны 2 мыңнан асады деп мәлімдеді.

Болжам бойынша, бұл мөлшерге Қазақстан сәуірдің соңында немесе мамырда жетеді.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін осындай болжамды Елжан Біртанов айтқан болатын - денсаулық сақтау министрлігінің басшысы сәуір-мамыр айларында Қазақстандағы коронавирустың жоғары деңгейі науқастар саны шамамен 3,5 мың адамға жеткен кезде болатыны туралы хабарлады.

Айта кетейік, осы уақытқа дейін елімізде 979 науқас тіркелді, оның ішінде 211 дәрігер бар. Денсаулық сақтау министрлігі комитетінің басшысы Қазақстанда осынша дәрігердің неліктен вирус жұқтырғанын айтты.

Бүгін қайтыс болған 11-ші пациент туралы белгілі болды - 41 жастағы әйелдің өзге де аурулары болған. Дәрігерлер коронавирус жұқтырған келіншекті құтқара алмады.

Кейінірек елімізде 12-ші өлім тіркелді. Ақмола облысының тұрғыны коронавирустан қайтыс болды. Ер адам 84 жаста болған, ол қарттар үйінің тұрғыны еді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1850493-kazakstanda-koronaviruspen-e-kp-adam-kaj-kezde-auyrady-dep-ktilude/

pixel