Выйти
RU

Елімізде дәрігерлердің коронавирусқа жиі шалдығуының себебі неде

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Денсаулық сақтау министрлігі тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің басшысы Людмила Бюрабекова елімізде дәрігерлердің коронавирусқа жиі шалдығуының себебін атады. Бүгінде медициналық мекемелердің 211 қызметкері инфекция жұқтырған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Жалпы, медицина қызметкерлерінің ауру жұқтыру оқиғалары республиканың 13 өңірінде тіркелді. Жаңа вирусқа шалдыққан дәрігерлердің ең көбі Алматы мен Нұр-Сұлтанда, кейіннен Солтүстік Қазақстан мен Атырау облыстарында анықталды.

Жаңа вирусқа шалдыққан 74 қызметкер COVID-19 күдігімен, сондай-ақ инфекциядан емделіп жатқан науқастарға қарайтын мамандандырылған стационарларда жұмыс істеген.

Жұқпалы емес стационарлар мен емханаларда COVID-19 науқастарымен байланысқа түсіп, 51 медицина қызметкері инфекция жұқтырған.

Бюрабекованың айтуынша, бұған бірінші кезекте дәрігерлердің жеке қорғаныс құралдарымен, дезинфекциялық заттармен қамтамасыз етілмеуі, сондай-ақ еңбек тәртібінің бұзылуы себеп болған.

Мысалы, Алматыдағы балаларға арналған жұқпалы аурулар ауруханасында қызметкерлердің инфекция жұқтыруы олардың тәулік бойы стационарда болуымен, артық жұмыс істеп, шаршауымен байланысты.

Сондай-ақ бұл жағдайға денсаулық сақтау нысандарының техникалық ахуалы да әсер еткен.

"Біз медицина қызметкерлерінің инфекция жұқтыруын азайту үшін барлық түбегейлі шараларды қабылдауға тырысамыз", – деп қорытындылады ведомство өкілі.

Тағы да оқыңыздар

Тележүргізуші Дана Нұржігіттің өмірбаяны

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматыда вирус жұқтырған 27 дәрігердің екеуінің жағдайы ауыр екенін хабарлағанбыз.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Елімізде дәрігерлердің коронавирусқа жиі шалдығуының себебі неде