Выйти
RU

20 сәуірде Нұр-Сұлтан мен Алматыда бірқатар кәсіпорын жұмысын бастайды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Президент жанындағы Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның кезекті отырысы өтті. Онда Нұр-Сұлтан мен Алматыдағы экономиканың бірқатар секторларының жұмысын қалпына келтіру мәселесі қарастырылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ премьер-министрдің сайтына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Жиында елдегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай туралы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов, Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларындағы ахуал мен кәсіпкерлік субъектілерінің жұмысын қалпына келтіру бойынша ұсынылатын шаралар туралы әкімдер Алтай Көлгінов пен Бақытжан Сағынтаев баяндады.

Мемлекеттік комиссия денсаулық сақтау министрлігінің ұстанымын ескере отырып, әкімдердің ұсыныстарының негізінде қатаң санитарлық-эпидемиологиялық шараларды сақтаумен Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында кәсіпкерлік субъектілерінің жұмысын кезең-кезеңмен қалпына келтіру туралы шешім қабылдады.

Бірінші кезең аясында биылғы 20 сәуірден бастап өнеркәсіп және құрылыс кәсіпорындарының, сондай-ақ қызмет көрсету саласының белгілі-бір секторларының жұмысы қалпына келтіріледі. Олардың жұмыс істеуі үшін қойылатын міндетті шарт — санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды қатаң сақтау.

І кезең аясында Нұр-Сұлтан мен Алматы алаларындағы жұмысын қалпына келтіретін кәсіпкерлік қызмет түрлерінің нақты тізімін Мемлекеттік комиссия биыл 15 сәуірде бекітеді.

Тағы да оқыңыздар

Тележүргізуші Дана Нұржігіттің өмірбаяны

Үкімет басшысы жұмысын қалпына келтіретін нысандарда санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздіктің қамтамасыз етілуіне, сондай-ақ қызметкерлерінің жұмыс орындарында әлеуметтік ара қашықтықты сақтауына қатаң бақылау жасауды тапсырды.

Сонымен қатар отырысқа қатысушылар байланыс желілері мен интернет жұмысын қамтамасыз ету, мұнай өнімдерінің экспортын реттеу және басқа да мәселелерді қарастырды.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстанда төтенше жағдай режимі 30 сәуірге дейін ұзартылғанын хабарлаған едік.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
20 сәуірде Нұр-Сұлтан мен Алматыда бірқатар кәсіпорын жұмысын бастайды