Выйти
RU

Қазақстанда 64 адам коронавирус жұқтырғанын білмей ауырып шыққан

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Денсаулық сақтау министрлігінің комитет басшысы қазіргі уақытта елімізде коронавирусқа 3 мыңнан астам экспресс-тестілеу жүргізілгенін мәлім етті. Жаңа тесттер 64 қазақстандықтың ағзасынан инфекцияға қарсы антиденелер тапқан, бұл олардың вируспен ауырып, қайта жазылып шыққандарын білдіреді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Бүгінде экспресс-тестілеу Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында, сондай-ақ Қазақстан қалаларының арасындағы санитарлық өткізу бекеттерінде қолжетімді. Олар Қытайдан сатып алынған.

ДСМ тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің басшысы Людмилы Бюрабекованың айтуынша, жүргізілген 3 мыңнан астам тестілеу коронавируспен ауырып, жазылып шыққан 64 адамды анықтаған. Олардың қанында ауруды жұқтырғаннан 10-20 күннен кейін пайда болатын антиденелер табылған.

Тесттердің басым бөлігі медициналық ұйымдарда – 2700-ден астам, 350-ден астамы санитарлық өткізу бекеттерінде жүргізілді.

Енді бұл адамдар ПЦР әдісімен тестілеуден өтеді. Бұл экспресс-тестілеуге қарағанда ұзақ жүргізіледі, бірақ оның дәлдігі жоғары.

Еске сала кетейік, бұған дейін Нұр-Сұлтанда коронавирусты анықтайтын экспресс-тестілеу жүргізіле бастағанын хабарлағанбыз.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қазақстанда 64 адам коронавирус жұқтырғанын білмей ауырып шыққан