Выйти
RU

Қазақстанда коронавирустан емделіп шыққандар саны 138- ге жетті

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қазақстанда 28 адам коронавирустан емделіп шықты. Осылайша, елімізде COVID-19 инфекциясынан айыққандар саны 138- ге жетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қазақстанда коронавирустан емделіп шыққандар саны 138- ге жетті

Көрнекі фото: pixabay.com

Атап айтқанда, Алматы қаласында 1 адам, Ақмола облысында 4 адам, Алматы облысында 3 адам, Нұр-Сұлтан қаласында 20 адам дерттен айықты.

Қазақстан бойынша жазылғандар саны 138-ге жетті:

Нұр-Сұлтан қаласы – 63,

Алматы қаласы – 50,

Шымкент қаласы – 2,

Ақтөбе облысы – 1,

Алматы облысы – 4,

Атырау облысы – 5,

Ақмола облысында – 4,

Батыс Қазақстан облысы – 1,

Жамбыл облысы – 3,

Қарағанды облысы – 1,

Қызылорда облысы – 1,

Маңғыстау облысы – 1,

Павлодар облысы – 1,

Солтүстік Қазақстан облысы – 1.

Айта кетейік, бүгін Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігінің комитеті еліміздің ғылыми орталықтарының коронавирус жұқтырудың ең жоғары деңгейіне қатысты болжамын жариялады. Қазақстанда аурудың ең көп мөлшері сәуір немесе мамыр айларында болады деп күтілуде.

Комитет жетекшісі Людмила Бюрабекова ғалымдардың болжамына сәйкес, елде вирус жұқтырудың шыңына жеткен кезде науқастар саны 2 мыңнан асады деп мәлімдеді. Болжам бойынша, бұл мөлшерге Қазақстан сәуірдің соңында немесе мамырда жетеді.

Тағы да оқыңыздар

Гиннес рекордтар кітабына енген қазақстандықтар тізімі

Естеріңізге сала кетейік, осы уақытқа дейін елімізде 979 науқас тіркелді, оның ішінде 211 дәрігер бар. Денсаулық сақтау министрлігі комитетінің басшысы Қазақстанда осынша дәрігердің неліктен вирус жұқтырғанын айтты.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қазақстанда коронавирустан емделіп шыққандар саны 138- ге жетті