Выйти
RU

20 сәуірден бастап Алматы мен Нұр-Сұлтанда қандай кәсіпорындар іске қосылады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Ақпарат және қоғамдық даму министрі 20 сәуірден бастап Алматы мен Нұр-Сұлтан қаласында жұмысқа кірісетін кәсіпорындарды атады. Бұл карантиннен кейін кәсіпорындарды іске қосудың алғашқы сатысы болмақ деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

Министрдің сөзінше, аталған тізім әлі де нақты емес, әр әкімдік соңғы тізімді 15 сәуір күні ұсынады. Алайда, ол 20 сәуір күні бірінші сатыда елорда мен оңтүстік астанада ашылуы мүмкін кәсіпорындарды атады.

Бұл кәсіпорындарда инфекция жұқтыру қаупі аз.

Нұр-Сұлтан әкімі бірінші кезекте келесі ұйымдарға жұмыс істеуге рұқсат беруді сұрады:

- Өнеркәсіптік және индустриялық кәсіпорындар,

- құрылыс материалдарын жеткізуді, авторлық қадағалауды және сертификаттауды қоса алғанда, құрылыс саласы,

- жол жөндеу жұмыстарына кірісетін асфальт-бетон зауыттары,

- банктер 16.00-ге дейін, 41 филиал зейнетақы мен жәрдемақы беру үшін жұмыс істейді,

- химиялық тазалау және кір жуу орындары,

- шиномонтаж және арнайы техниканы жөндеу,

- тамақ 22:00- ге дейін жеткізіледі.

Ал Алматыда сәуір айының үшінші онкүндігінде толық жұмыс күніне өнеркәсіптің, қоймалаудың, құрылыстың барлық салалары, банк қызметкерлерінің 50% - ы, бағалы қағаздар нарығы, сондай-ақ қызмет көрсету саласының кейбір секторлары-ТЖО, Автожуу, шиномонтаж, ұйымдастыру техникасын жөндеу секторы іске қосылады.

Тағы да оқыңыздар

Гиннес рекордтар кітабына енген қазақстандықтар тізімі

Карантиндік қалада балабақшалар мен үйірмелер жұмыс істемейді, бар мен түнгі және ойын клубтар, ойын-сауық орталықтар, театрлар, мұражайлар мен киноетатрлар қызметіне тыйым салынады. Мектептер мен ЖОО-лар қашықтықтан оқуды жалғастырады.

Осыған дейін хабарлағанымыздай, ТЖ режимін қамтамасу ету жөніндегі мемлекеттік комиссия 20 сәуірден бастап Нұр-Сұлтан мен Алматыда экономика секторының бірқатары жұмысын қайта жалғастыратынын мәлімдеді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
20 сәуірден бастап Алматы мен Нұр-Сұлтанда қандай кәсіпорындар іске қосылады