Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

15 сәуірден бастап Алматы облысы аумағына карантин енгізіледі

Опубликовано:

15 сәуірден бастап Алматы облысы аумағына карантин енгізіледі деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

15 сәуірден бастап Алматы облысы аумағына карантин енгізіледі
Көрнекі фото: NUR.KZ: Twitter

Қазір бас санитар дәрігердің қаулысы дайындалып жатыр. Бүгінде өңірде коронавирус жұқтырған 21 адам тіркелген.

Айта кетейік, Қазақстанда коронавирус жұқтырудың тағы алты дерегі расталды. Осылайша, елімізде COVID-19 инфекциясы анықталғандар саны 979- ға жетті.

13 сәуір 14.30-дағы мәлімет бойынша, Нұр-Сұлтан қаласында 4 адам, Солтүстік Қазақстан облысында 1 адам, Шығыс Қазақстан облысында 1 адам тіркелді.

Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 257 адам, Алматы қаласында 172 адам, Қарағанды облысында 76 адам, Ақмола облысында 71 адам, Атырау облысында 59 адам, Жамбыл облысында 46 адам, Шымкент қаласында 38 адам, Шығыс Қазақстан облысында 8 адам, Алматы облысында 21 адам, Ақтөбе облысында 11 адам, Солтүстік Қазақстан облысында 26 адам, Павлодар облысында 10 адам, Маңғыстау облысында 10 адам, Қызылорда облысында 119 адам, Батыс Қазақстан облысында 9 адам, Түркістан облысында 43 адам, Қостанай облысында 3 адам - жалпы 979 науқас анықталып отыр.

Cонымен қатар, елде қауіпті дертті жеңгендер саны 138- ге жетті.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1850547-15-suirden-bastap-almaty-oblysy-aumagyna-karantin-engiziledi/

pixel