Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

42500 теңге жәрдемақы зейнеткерлер мен мүгедектерге беріле ме

Опубликовано:

Қазақстан Республикасы президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов төтенше жағдай кезеңінде табысынан айырылуына байланысты Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан зейнетақы мен әлеуметтік жәрдемақы алушыларға, оның ішінде мүгедектерге төлемдер тағайындауға қатысты түсініктеме берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

42500 теңге зейнеткелер мен мүгедектерге беріле ме
Көрнекі фото: NUR.KZ: Facebook
"Әлеуметтік жәрдемақылардың тағайындалуына қатысты жиі қойылатын сұрақтардың бірі біздің зейнеткерлер мен мемлекеттік жәрдемақы алушыларға қатысты. Зейнетақылар мен мемлекеттік жәрдемақылар төтенше жағдайға байланысты тоқтамағанын атап өткім келеді. Оларға тиісті төлемдер жалғастырылуда, біз оларды индекстедік, сіздер мамыр айында зейнетақылар мен жәрдемақыларды сәуірдегі қосылған төлеммен бірге аласыздар.
Мұндай алушылардың саны 4 млн. адамды құрайды, оларға ай сайын жалпы сомасы 300 млрд.-қа жуық теңге төленіп тұрады. Сондықтан 42 500 теңге алушылардың санатына кірмейсіздер. Алайда, егер зейнеткер, мүгедек немесе кез келген басқа мемлекеттік жәрдемақы алушы төтенше жағдай режимі енгізілгенге дейін ресми жұмыс істеген болса, ол үшін жұмыс беруші аударымдар жасаған болса немесе бірыңғай жиынтық төлем төлеген болса, онда біз оны есепке алып, сізге 42 500 теңге төлейтін боламыз", – деді Біржан Нұрымбетов.

Сондай-ақ, министр кейбір заңгерлердің әлеуметтік желілерде жариялаған төтенше жағдай кезінде кірістен айрылуы бойынша әлеуметтік жәрдемақылар зейнеткерлерге тағайындалмайтынын, өйткені олар төлеген БЖТ-дан түскен кірістер МӘСҚ-қа түспейтіндігіне қатысты жазбаларына түсініктеме берді.

"БЖТ мөлшері 2651 теңгені құрайды. Бұл ақша 4 бағыт бойынша: жеке табыс салығы, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына жүргізілетін әлеуметтік аударымдар, БЖЗҚ-ға төленетін зейнетақы жарналары және медициналық әлеуметтік сақтандыру қорына төленетін аударым ретінде жүреді. Заңға сәйкес, зейнеткер төтенше жағдай алдында 2651 теңге төлеген жағдайда МӘСҚ-қа, БЖЗҚ-ға және МСҚ-ға медициналық сақтандыруға төлемдер жүрмейді, барлық сома ЖТС-ға кетеді дейді заңгерлер.
Қазір ерекше тәртіп бар. Бұл жағдайда біз зейнеткердің БЖТ төлемін МӘСҚ-қа түсім ретінде емес, оның зейнетақы алатынына қарамастан, төтенше жағдай алдында жұмыс істегенін растау ретінде қарастырамыз. Дәл осындай процедура әлеуметтік жәрдемақы алушыларға да қатысты. Бірақ төтенше жағдайға дейін жұмыс істеп, қосымша табыс тапқандарға қатысты екенін атап өткім келеді. Төтенше жағдай енгізілгеннен кейін сіздерге төлем жасаудың қажеті жоқ, сіздерге 42 500 теңге тағайындалмайды", – деп түсіндірді Еңбекминінің басшысы.

Біржан Нұрымбетовтың сөзінше, МӘСҚ-тан әлеуметтік төлемдерді тағайындауға атаулы әлеуметтік көмек алушылар да үміткер бола алады, бірақ олар шын мәнінде жұмыс істеген және ТЖ режимін енгізуге байланысты табыстарын жоғалтқан болуы керек.

"АӘК алушыларды бөлек атап өткім келеді. Сіздер үшін шектеулер жоқ. Атаулы әлеуметтік көмек – бұл зейнетақы, мемлекеттік жәрдемақы емес, бұл көмек. Осыған орай, егер сіз ресми немесе бейресми жұмыс істесеңіз – сіз 42 500 теңгеге үміткер бола аласыз. Бейресми жұмыс жаса істеген адамдарға алдын ала БЖТ төлеу қажет", – деді министр.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1850548-42500-tege-zrdemaky-zejnetkerler-men-mgedekterge-berile-me/

pixel