Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында коронавирус жұқтырған жүкті әйел емделіп шықты

Опубликовано:

Бүгін елімізде коронавирустан айыққандар саны 138-ге жетті. Сағат 19:30- дағы ақпаратқа сәйкес, қауіпті дертті жеңгендердің үшеуі Алматы облысында тіркелді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Алматы облысында коронавирус жұқтырған жүкті әйел емделіп шықты
Көрнекі фото: pixabay.com: Facebook

ҚазАқпарат агенттігінің ақпарынша, емделіп шыққандардың бірі - жүкті әйел.

"Бүгін Қаскелең қалалық инфекциялық ауруханасынан короновирус диагнозы бойынша ем қабылдаған 3 адам толық емделіп шықты. 1995 жылғы 1 жүкті пациент (21-22 апта) 27 наурыз күні, 1997 және 1957 жылғы 2 пациент 28 наурыз күні аурухана түскен. 12 сәуір күнгі қайта талдау нәтижесі теріс. Үш емделушінің екеуі шет мемлекеттен келген (Нью-Йорк, Оңтүстік Корея). Біреуі Іле ауданының тұрғыны. Үш адамның да жағдайы қанағаттанарлық. Шағымдары жоқ", - делінген Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Айта кетейік, Алматы облысында коронавирус жұқтырғандардың жалпы саны 21, төрт адам емделіп шықты. Ал елімізде COVID-19 инфекциясы анықталғандар саны 979-ға жетті. 15 сәуірден бастап өңір карантинге жабылатын болды.

Ал Ақпарат және қоғамдық даму министрі 20 сәуірден бастап Алматы мен Нұр-Сұлтан қаласында жұмысқа кірісетін кәсіпорындарды атады. Бұл карантиннен кейін кәсіпорындарды іске қосудың алғашқы сатысы болмақ.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1850549-almaty-oblysynda-koronavirus-zktyrgan-zkti-jel-emdelip-sykty/

pixel