Выйти
RU

Қызылордада маскасыз жүрген 25 адам жазаға тартылды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қызылордада бетпердесіз жүрген 25 адамға құқықбұзушылықтар бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды. Тиісті шара қолдану үшін жинақталған құжаттар сотқа жолданды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Қызылордада маскасыз жүрген 25 адам жазаға тартылды

Көрнекі фото: pixabay.com

Естеріңізге сала кетелік, 12 сәуір сағат 00.00-ден бастап Қызылорда облысында тұрғындар мен көлік қозғалысына қатаң шектеу қойылды. Облыс тұрғындары арасында қауіпсіздік шараларын күшейту мақсатында сәуірдің 12-не қараған түні сағат 00:00-ден бастап тұрғындар мен көлік қозғалысына қатаң шектеу қою туралы арнайы қаулы қабылданды.

"Дегенмен әкімшілік құқықбұзушылық жағдайы орын алды. Нәтижесінде бетпердесіз жүрген 25 адам анықталды. Оларға төтенше жағдай режиімін бұзу әрекеті бойынша әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 476-бабымен хаттама толтырылды. Тиісті шара қолдану үшін жинақталған құжаттар сотқа жолданды. Атап айтқанда, ол бойынша Қызылорда қаласында 12 дерек тіркелсе, Аралда - 1, Қазалыда - 6, Шиеліде - 6 оқиға кездесті. Сондай-ақ, облыс тұрғындары арасынан қаулыда көрсетілген талаптарды орындамаған көлік иелері бар.
Мәселен, 100 автокөлік иесі көліктердің қозғалысына тыйым салынса да себепсіз көшеде жүрген. Нәтижесінде Қызылордада - 61, Аралда - 1, Қазалыда - 12, Қармақшыда - 5, Жалағашта -2, Шиеліде - 3, Жаңақорғанда - 1, Байқонырда - 5 автокөлік айыппұл алаңына қойылды. Облыста төтенше жағдай режиімін бұзған 99 дәмхана иесі мен тұрғындар тиісті жазаға тартылды", - деп мәлім етті Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Тағы да оқыңыздар

Гиннес рекордтар кітабына енген қазақстандықтар тізімі

Қазір Қызылорда облысында аталған диагноз қойылған 119 науқас бар. Ал елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 979-ға жетті.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қызылордада маскасыз жүрген 25 адам жазаға тартылды