Выйти
RU

Қала көшелерінде бір қатармен тізіліп жүрген жедел жәрдем көліктері жұрттың зәресін алды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

13 сәуір күні кешкісін қала тұрғындары үйлерінің терезесінен бір қатармен тізіліп жүрген көптеген жедел жәрдем көлігін тамашалады. Еліміздің денсаулық сақтау министрлігі осыған байланысты пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Видеодан кадр: instagram.com/zello.aktobe1, instagram.com/armksm, instagram.com/kokshe.news

Видеодан кадр: instagram.com/zello.aktobe1, instagram.com/armksm, instagram.com/kokshe.news

Кеше, 13 сәуірде әлеуметтік желі қолданушылары өздері түсірген видеоларымен бөлісті.

Кадрлардан карантинге байланысты босап қалған көшелерде бір қатармен жүрген ондаған жедел жәрдем көліктерін байқауға болады.

Бұндай шара еліміздің көптеген қалаларында орын алған.

Instagram желісіндегі парақшасында Арман Қасымов есімді оқырман аталған жағдайды суреттейтін видеомен бөлісіп, жазба қалдырды.

"13 сәуір күні, Атырау облыстық Жедел-жәрдем станциясы коронавирус инфекцияның алдын-алу бойынша ұйымдастырылған Республикалық флешмобқа қатысты. Жедел-жәрдем көлігі мұнайлы астана көшелерімен жүріп өтіп, тұрғындардан үйден себепсіз шықпауларын сұрады.

Үйде болып, барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып қана инфекцияны жеңеміз. Құрметті, тұрғындар, бізге сіздердің денсаулықтарыңыз қымбат, өйткені Атырау облыстық Жедел-жәрдем станциясы әрбір өмір үшін күреседі!" - деді ол.

Бұл көріністі өз көзімін көргенін айтқан көптеген оқырмандар желіде өз әсерлерін жеткізуді ұмытпаған.

Олардың көпшілігі жедел жәрдем көлігінің бір қатармен тізіліп жүргенін алғаш көргенін, "бір жағдай болып қалды ма" деп қорыққандарын білдіріпті.

Тағы да оқыңыздар

Тележүргізуші Дана Нұржігіттің өмірбаяны

Осыған байланысты денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Facebook желісіндегі ресми парақшасында пікір білдіруді ұмытқан жоқ.

Оның айтуынша, қазақстандық дәрігерлер коронавирус мәселесіне халықтың назарын аудару және азаматтарды үйден шықпауға шақыру үшін ерекше флешмоб ұйымдастырған.

Министр бұл акцияның ұраны: "Егер бізбен бірге болғыңыз келмесе, үйде отырыңыз!" деп аталғанын мәлімдеді.

Біртанов флешмобқа қатысқандардың барлығына алғысын білдірді.

"Бұл акцияның мақсаты - халыққа карантин шараларының маңыздылығы туралы көрсету", - деп жазды денсаулық сақтау министрі.

Cоңғы деректер бойынша, елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың саны 1091-ге жетті.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігінің комитеті еліміздің ғылыми орталықтарының коронавирус жұқтырудың ең жоғары деңгейіне қатысты болжамын жариялады. Қазақстанда аурудың ең көп мөлшері сәуір немесе мамыр айларында болады деп күтілуде.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қала көшелерінде бір қатармен тізіліп жүрген жедел жәрдем көліктері жұрттың зәресін алды