Выйти
RU

Қазақстанда құжаттарды рәсімдеудің бағасы қымбаттады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Ағымдағы айдан бастап түрлі құжаттарды дайындау үшін төленетін әрі айлық есептік көрсеткішпен өлшенетін баж мөлшері өзгерді деп хабарлайды. Нұрфин редакциясының тілшілері бағаның қаншалықты өзгергенін анықтады.

Құжаттарды рәсімдеудің бағасы қымбаттады

Фото: NUR.KZ

2020 жылдың сәуірінен АЕК мөлшері 2 778 теңгені құрайды. Соған орай, бір қатар құжаттарды алу үшін төленетін мемлекеттік баждың да бағасы 5%-ға көтерілді.

  • Төлқұжат рәсімдеу – 8 АЕК

Осы айдан бастап бұл құжатты алу үшін 22 224 теңге төлеу керек. Мемлекеттік баж мөлшері 1 016 теңгеге өскен.

Төлқұжат 15 күнге дейінгі уақыт ішінде дайын болады. Процесті жеделдету үшін төленетін сома өзгеріссіз қалды, себебі ол баға АЕК-ке байланысты емес.

Құжат бір күнде дайын болуы үшін қосымша 4 983 теңге төлейсіз, ал үш күнде дайын болсын десеңіз, 2 752 теңге.

Бұл тарифтер елорда және Алматы, Шымкент секілді басқа да мегаполис тұрғындарына және Ақтөбеде жүргізіледі. Облыс орталықтарында жедел дайындау үшін баға сол күйі қалса да, екі тәулікде дайын болуы үшін қосымша төлем көлемі қымбатырақ, үш және бес жұмыс күн ішінде дайындау бағасы да соған сәйкес.

Тағы да оқыңыздар

Жүктілік кезінде әйел адамдар не істеуі керек?

Еліміздің өзге елді мекендерінде 1 116 теңге төлем жасап, құжатты тек бір аптаға дейін ғана жеделдету қарастырылған.

Сондай-ақ жеке куәлік рәсімдеу кезінде жеделдік мерзімі мен тарифтері қолданылады.

  • Жеке куәлік алу – 0,2 АЕК

Осы жылдың сәуірінен бастап қазақстандықтың негізгі құжатын рәсімдеу құны 556 теңге болады. Өткен айдағы бағамен салыстырғанда бұл көрсеткіш 25 теңгеге ған өскен.

Жеке куәлікті жарамдылық мерзімі өткен соң, бір ай ішінде ауыстыруға болады. Егер бұл уақыттан кешігер болсаңыз, 7 АЕК немесе 19 446 теңге мөлшерінде айыппұл төлеу қажет. Бұл сома бұрынғы бағамен салыстырғанда 889 теңгеге өскен.

  • Жүргізуші куәлігін алу – 1,25 АЕК

Ескі жүргізуші куәліктерін ауыстырғысы келетін немесе жаңадан куәлік алғысы келген көлік иелері ағымдағы айдан бастап 3 473 теңге көлемінде мемлекеттік баж төлеуі қажет. Мұндағы баға 159 теңгеге өскен.

Айта кетейік, жарамдылық мерзімі өтіп кеткен куәлікті ауыстыру үшін тек көрсетілген бажды төлейсіз. Айыппұл тек жарамдылығы өткен куәлікпен көлік жүргізген жағдайда ғана салынады. Ол әкімшілік кодекске сәйкес ессептеледі.

Тағы да оқыңыздар

Бөлмеде өсіруге арналған гүлдер

  • Баланың туу туралы куәлігін қайта рәсімдеу – 0,5 АЕК

Бала туған кезде декреттік төлемді рәсімдеуден бұрын туу туралы куәлік алу керек. Ол тегін беріледі.

Түрлі себептермен баланың куәлігін ауыстыру қажет болса, қайта рәсімдеу құны 1 389 теңгені құрайды. Бұл мемлекеттік баж 63 теңгеге өскен.

  • Кәмелетке толмаған баланың деректерін ана-анасының төлқұжатына жазу – 0,1 АЕК

Осы айдан бастап бір бала жайлы деректерді фотосуретпен қоса ата-анасының төлқұжатына енгізу құны 278 теңге тұрады. Наурызбен салыстырғанда 12 теңгеге көтерілген.

  • Неке қию туралы куәлік алу – 1 АЕК

Бұл құжатты алғаш алған кезде де, жоғалтып не бүлінген жағдайда қайта алу үшін төлем жасаймыз. Сәуір айынан бастап екі жағдайда да құжат жасау құны айлық есептік көрсеткіштің жаңарған бағасын, яғни 2 778 теңгені құрайтын болады.

  • Некені бұзу туралы куәлік – 1,5 АЕК

Бұрынғы ерлі-зайыптылардың ажырасқанын растайтын құжат неке қию туралы куәліктің төлеміне қарағанда бір жарым есе қымбатырақ. 1,5 АЕК – сәуір айынан бастап 4 167 теңге. Мұндай куәліктің бағасы бұрынғы кұнынан 190 теңгеге көтерілген.

Тағы да оқыңыздар

Декреттік демалысқа шығу үшін қандай құжаттар қажет?

Егер құжаттарыңыздың жарамдылық мерзімі таусылса немесе жаңасын рәсімдегіңіз келсе, онда электронды үкімет порталында қашықтан өтінім беріп, үйде отырып мемлекеттік баж төлей аласыз.

Еске салсақ, бұған дейін елімізде жол ережесін бұзғаны үшін салынатын айыппұл мөлшері көбейгенін жазған болатынбыз.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қазақстанда құжаттарды рәсімдеудің бағасы қымбаттады