Выйти
RU

"Ол үшін қыруар қаржы керек емес": Анна Данченко қазақша сөйлей алмайтын шенеуіктерге күйінді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Отандық танымал тележүргізуші Анна Данченко қазақ тілін қалай меңгеріп алғанын айтып берді. Бүгінде мемлекеттік тілде емін-еркін сөйлейтін БАҚ өкілі бәрі отбасы мен тәрбиеден бастау алатынын жеткізді. Ес білгелі қазақша сөйлейтінін айтқан ол ана тілінде екі сөздің басын құрай алмайтын шенеуніктерді көргенде қатты ұялатынын да жасырмады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Анна Данченко. Фото: Instagram/ann_2905. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Анна Данченко. Фото: Instagram/ann_2905. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Анна Данченко халықтың адамы болғаннан кейін мемлекеттік тілде сөйлеу алмау дұрыс емес екенін алға тартты. Оған қоса, ол қазақ тілін меңгеру үшін қыруар қаржы керек еместігін жеткізді.

Ал тележүргізушінің қазақша сөйлеп кетуіне ең алдымен отбасы елеулі түрде септігін тигізген болып шықты. Ол Instagram парақшасында жанұясы жайлы бірқатар жайттарды айтып берді.

"Мен ес білгелі қазақша сөйлеймін. Мен өте қарапайым отбасында дүниеге келдім. Анам балабақшада 40 жылдан аса қызмет етті. Әкем кеме жөндейтін зауытта жұмыс жасады. Мен үйдің кенжесімін. Әпкеммен ағам бар. Олар қазір Ресейде тұрады. Ағам екеуіміздің арамыз 5 жас, әпкем өзімнен 10 жас үлкен. Мен бірінші сыныпты бітіргенде әпкем 11 бітіріп оқуға Ресейге кетіп қалды. Ол жақта нағашыларымыз тұратын. Ағам Байқоңырда оқыды, кейін әскери борышын өтеу үшін Сарыағашқа кетіп қалды.

Тағы да оқыңыздар

Қорқыт ата туралы не білеміз?

Мен бала күнімде қазақша сөйлеп, домбыра тартып, ән салып жүретінмін. Ағам қазақ тілін дұрыс біле бермейтін. Әскерден үйге келген соң "қалайсын, сені сағындым" дегенде, ауызым ашылып қалды. Сөйтсем, екі жылда үйреніп алыпты. Ендііі сайрап жүр. Ағам екеуіміз өте жақынбыз, әлі күнге дейін сырласамыз. Қазір де видеобайланыс арқылы әңгімелесіп тұрамыз. Кеше хабарласып: "Тамақтанып жүрсің бе?",- деп қазақшалап сұрасам. "Әрине",- дейді. "Арықтап кетіпсін, жай ма?" , - деп едім. "Жай",- деді де екеуіміз күлкіден жарылдық.

Айтайын дегенім, қазақ тілінде сөйлеп кету үшін қыруар қаржы қажет емес. Иә, біз ауылдық жерде өсіп-өндік, мүмкін қаланың адамдарына қарағанда бізге жеңілрек болған шығар. Десе де, барлығы отбасыдан, тәрбиеден, қызығушылықтан басталады. Кеше инстадан бір лауазымды кісінің қазақ тілінде сөйлей алмай тұрғанын көріп өзім ұялдым. Меніңше, халықтың адамы болған соң мемлекеттік тілді білмеу дұрыс емес. Ең болмағанда мәтінін қатесіз оқыса екен дейсін бұндайда?" - деп жазды ол.

Айта кетейік, бұған дейін Анна Данченко жігітінің ата-анасы өзін қалай кемсіткенін айтып берген болатын.

Тағы да оқыңыздар

Дұрыс тамақтану ережелері

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Ол үшін қыруар қаржы керек емес": Анна Данченко қазақша сөйлей алмайтын шенеуіктерге күйінді