Выйти
RU

Ресейде коронавирусты емдеуге арналған дәрі әзірленіп, алғашқы данасы шығып үлгерді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Ресейлік ғалымдар COVID-19 инфекциясын емдеуге арналған жеке дәрі әзірледі және клиникалық сынаққа арналған алғашқы партиясын да шығарып үлгерген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ресейде коронавирустан емдеуге арналған дәрі әзірленді

Көрнекі фото: pixabay.com

Бұл туралы ресейлік денсаулық сақтау министрі Михаил Мурашко президент Владимир Путинге коронавирус эпидемиясына қатысты елдегі ахуал тақырыбындағы онлайн жиын кезінде хабарлады.

Министр әзірлеген дәрінің "толық ресейлік аналог" екенін айтып, оның шетел сарапшыларының барлық қажетті тестілерінен өтіп үлгергенін де қоса кетті.

Сондай-ақ дәрінің алдағы клиникалық сынағына арналған алғашқы партиясы дайын екені айтылды. Оған дейін қажетті құжаттарды енгізіп, клиникадан тыс алдын ала сынақтар жайлы жауап келгенін күту керек көрінеді.

Мерзім туралы сөзінде Мурашко Путинге 10 күн, ары кетсе, 12 күннен кейін сынақ бастау жоспарланып отырғаны жайлы есеп берді.

Министр ел президентіне берген есебінде қазіргі кезде ауруханаларда коронавирус індетін емдеуге арналған дәрімектердің жетпей қалу қаупі бар екенін жасырмады.

Сол себепті министрлік мұқият бақылап отыру қажет 17 атау бойынша лимит енгізді. Сондай-ақ дәрі жеткіліксіз болған жағдайда әрекет ету тәсілі қарастырылған.

Тағы да оқыңыздар

Бөлмеде өсіруге арналған гүлдер

Еске сала кетсек, бұған дейін ресейлік дәрігерлердің Италияға вируспен күресуге көмектесіп жатқанын жазған болатынбыз.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Ресейде коронавирусты емдеуге арналған дәрі әзірленіп, алғашқы данасы шығып үлгерді