Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Коронавирус: Елімізде қаза тапқандар саны 14-ке дейін өсті

Опубликовано:

Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы 14 сәуір күнгі таңертеңгі уақыттағы еліміздегі коронавирустың эпидемиологиялық жағдайы туралы баяндады. Біртанов қауіпті инфекциядан тағы 2 адам қайтыс болғанын жеткізді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Коронавирус: Елімізде қаза тапқандар саны 14-ке дейін өсті
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

Қазақстанда бір тәулікте коронавирус инфекциясы диагнозы қойылған тағы екі адамның көз жұмғаны анықталды.

Бірінші қайғылы жағдай Нұр-Сұлтанда, екіншісі Шымкентте тіркелген.

Елжан Біртановтың мәліметінше, соңғы бір тәулік ішінде отандық ауруханалардағы науқастар саны 140 адамға көбейді. Оның ішінде оңтүстік астанада 106 адам, Қарағандыда 12 адамда вирус анықталған. Сонымен қатар, Нұрсұлтан қаласында 12 науқас тіркеліпті.

Cоңғы деректер бойынша, елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың саны 1179-ға жетті.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігінің комитеті еліміздің ғылыми орталықтарының коронавирус жұқтырудың ең жоғары деңгейіне қатысты болжамын жариялады. Қазақстанда аурудың ең көп мөлшері сәуір немесе мамыр айларында болады деп күтілуде.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1850594-koronavirus-elimizde-kaza-tapkandar-sany-sti/

pixel