Выйти
RU

Дәрігерлерінен коронавирус табылған Теміртаудағы емхана карантинге жабылды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Теміртаудағы №2 емхана қызметкерлерінен COVID-19 инфекциясы анықталған, медициналық мекеме карантинге жабылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Дәрігерлерінен коронавирус табылған Теміртаудағы емхана карантинге жабылды

Көрнекі фото: pixabay.com

Бұл медициналық мекеменің төрт бірдей қызметкерінен жұқпалы індет анықталған соң, емхананы карантинге жабу шешімі қабылданды.

Ғимаратта толық дезинфекция жүргізіледі, барлық қызметкер тексеруден өтеді. Емханада тек шұғыл қабылдау кабинеті жұмыс істейтін болады.

Тұрғындардың жоспарлы қабылдауы қаладағы №1 және 4 емханаларға бағытталады.

Сондай-ақ қала тұрғындарына жақын арада жаңа емхана есігін айқара ашып, өз жұмысын бастайды. Бүгін 14 сәуірдің таңғы дерегіне сәйкес Қарағанды облысында ауру жұқтырудың 77 жағдайы тіркелген.

Олардың арасында 1 адам көз жұмып, 1 адам ауруынан айыққан.

Инфекция жұқтырғандардың қарасы Қарағанды қаласында тіркелді – 43 жағдай, Теміртауда 13 факті анықталған. Шахтинск қаласында 7 жағдай, тағы Саран, Бұқар жырау және Шет аудандарының әрқайсысында бір адамнан COVID-19 вирусын жұқтырғаны расталған.

Тағы 11 науқас өзге қаладан Қарағандыға ұшақпен не басқа жолмен жеткен азамат көрінеді.

Дертке шалдыққандардың 17-сі 20-дан 29 жас аралығындағы адамдар. 15 науқас – 14 жасқа дейінгі балалар, сондай-ақ ауру жұқтырғандардың үшеуі жасөспірім екені белгілі болды.

Тағы да оқыңыздар

Бөлмеде өсіруге арналған гүлдер

Тағы 12 науқастың жасы 30-39 аралығында екен. 40-49 жастағылардан 12 жағдай тіркелген. 7 адамның жасы 50-59 аралығында болса, 60-тан жоғары жастағылардан 11 ауру жұқтыру фактісі тіркелген.

Еске сала кетсек, бұған дейін коронавирус індетін жұқтырған 11 адам Қарағанды облысында анықталғанын жазған едік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Дәрігерлерінен коронавирус табылған Теміртаудағы емхана карантинге жабылды