Выйти
RU

Италия мен Испанияда карантин режимі бәсеңдеп жатыр

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Испанияның үш млн азаматы ұзақ уақыт үзілістен кейін жұмыстарына оралып жатыр. Мұндай шешімді билік корольдікте коронавирус тарауының бәсеңдеуіне байланысты қабылдап отыр. Италия билігі де шектеу шараларының бірқатар бөлімін алып тастамақ деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Италия мен Испанияда карантин режимі бәсеңдеп жатыр

Көрнекі фото: pixabay.com

Испанияда, әсіресе, құрылыс секторына жұмыс істеуге рұқсат берілді. Компаниялар өз жұмысшыларына қорғаныс құралдарын беруге міндеттелді. Одан бөлек, ұйымдардың басшылары жұмысшылар арасындағы қашықтық екі метрден кем болмауын қарастыруы тиіс деп жазады Euronews.

Басылым хабарлауынша, шектеулердің бәсеңдеуі қоғам арасында сынға ұшыраған. Көптеген тұрғындар мен жұмысшылар, саясаткерлер бұл эпидемияның жаңа толқынын тудырады деп үрейленіп отыр.

Сынға жауап берген Испания сыртқы саясат министрлігінің басшысы карантин қалатынын, ал оның сақталуы қатаң бақылауда болатынын мәлімдеді. Вирусты таратпау мақсатында билік халыққа 2 млнға жуық маска таратып, қоғамдық көлікте тағуға міндеттеді.

Италия билігі де шектеу шараларын азайтуда. Италияда науқастар саны бойынша төртінші орында тұрған Венето облысыың басшысы тұрғын үйден 200 метр қашықтықта физикалық белсенділікке тыйымды алып тастады. Оның сөзінше, ТЖ режимі аяқталған жоқ, шектеу шараларының азаюы эпидемия бітті дегенді білдірмейді.

Тағы да оқыңыздар

Тележүргізуші Дана Нұржігіттің өмірбаяны

Айта кетейік, Алматы облысна 15 сәуірден бастап карантин енгізіледі.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Италия мен Испанияда карантин режимі бәсеңдеп жатыр