Выйти
RU

Нұр-Сұлтанда коронавирустан қайтыс болған науқас туралы дерек жарияланды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Нұр-Сұлтан қаласында бүгін коронавирус дертінен көз жұмған науқас туралы тың деректер шықты. Оның қазасы туралы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов баяндмасында айтқан болатын деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

Қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, қайтыс болған 1950 жылы туған тұрғын 11 сәуірде жедел жәрдем қызметі арқылы провизорлық ауруханаға түскен.

Науқастың жағдайы ауыр болғандықтан жедел түрде реанимацияға жатқызылғаны белгілі болды.

Туыстарының айтуынша, марқұм үйде 3 күн бойы ауырған. Оның дене қызуы 38 градусқа дейін көтерілген.

Ер адам медициналық көмекке жүгінбей, өздігінен қызуды басатын дәрілер ішкен. Дәрігерлер марқұм ентігіп, тыныс алу қиындаған соң стационарға жүгінгенін жеткізді.

Коронавирус инфекциясын жұқтырған 70 жастағы ер адам 13 сәуір күні сағат 23:40-та көз жұмған.

Елордалық денсаулық сақтау басқармасының дерегінше, туыстары арасынан жақын байланыста болған адамдар тексеріліп, үй жағдайында карантинге орналасты.

Еске сала кетсек, бүгін Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов елімізде коронавирус індетінен 14 науқас қайтыс болғанын, соңғы екі қайғылы жағдай Нұр-Сұлтан қаласы мен Шымкентте тіркелгенін мәлімдеді.

Тағы да оқыңыздар

Тележүргізуші Дана Нұржігіттің өмірбаяны

Cоңғы деректер бойынша, елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың саны 1179-ға жетті.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Нұр-Сұлтанда коронавирустан қайтыс болған науқас туралы дерек жарияланды