Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда бір күнде жүзден аса медицина қызметкерінен коронавирус анықталды

Опубликовано:

Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев оңтүстік астанада соңғы тәулікте жүзден астам медица қызметкерінен коронавирус індеті анықталғанын растады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC
Оның айтуынша, қалалық балалар клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасының 1 қызметкері, орталық қалалық клиникалық аурухананың 110 медицина қызметкері, медициналық жедел жәрдем қызметінің 2 қызметкері, №32 қалалық емхананың 1 қызметкері, №11 Қалалық емхананың 1 қызметкері, №1 қалалық клиникалық аурухананың 1 қызметкері коронавирус инфекциясын жұқтырған.

Жалпы, оңтүстік астанада соңғы тәулікте 116 ақ халаттыдан қауіпті індет анықталды.

Әбілдаев медицина қызметкерлерінің екеуінде полисегментті пневмонияның болуына байланысты жағдайы ауыр екенін жеткізді.

"Вирусты олар пациенттерден де жұқтыруы мүмкін, өйткені олар шұғыл медициналық көмек көрсетуді жалғастырып отырды", - деді ол.

14 сәуірдегі жағдай бойынша, Алматыда коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың саны 346-ға жетті. Оның алтауы бала, үшеуі жүкті әйел.

Ал елімізде індет 1179 адамнан анықталған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1850647-almatyda-bir-knde-zzden-asa-medicina-kyzmetkerinen-koronavirus-anyktaldy/

pixel