Выйти
RU

Елордалық ақ халаттылардың жұбайлары Денсаулық сақтау министріне хат жазды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Нұр-Сұлтандағы Бірінші қалалық аурухананың жансақтау және қарқынды терапия бөлімі дәрігерлерінің жұбайлары денсаулық сақтау министрі мен президентке хат жазды. Олар аурухана қызметкерлеріне назар аударуды талап етуде деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Елордалық дәрігерлердің жұбайлары министрлікке хат жазды

Фото: pixabay.com

Төменде хаттың толық нұсқасы көрсетілген.

"Бұл соңғы тамшы.
Теміржол ауруханасының жабылуына байланысты Бірінші қалалық аурухана қазір қаланың бірнеше ауданына бірдей қызмет көрсетіп жатыр. Қаладағы барлық науқастарды шұғыл осында жеткізеді.
Қалалық ауруханада күн сайын дерлік коронавирус фактілері анықталып жатады, соның өзінде дәрігерлерге мемлекет уәде берген үстемақы төленбеді. Себебі бұл аурухана "инфекциялық ауруханалардың санатына жатпайды" және денсаулық сақтау министрлігі белгілеген санаттың ешқайсысына кірмейді! Әйтсе де, ауруханаға COVID-19 жұқтырғандар келіп түсіп жатыр, мекеме қабырғасында да вирус анықталуы жалғасуда.
Біздің күйеулеріміз сағат сайын өз денсаулықтарын қатерге тігеді, себебі әр келіп түскен науқас қауіпті болып табылады. Ешқандай науқастың маңдайында ауру емес екені жазылып тұрған жоқ. Уақыт сайын науқастардан жұқпалы індет табылып, Бірінші қалалық ауруханадан туберкулез диспансеріне немесе инфекциялық ауруханаға ауыстырып жатады.

Тағы да оқыңыздар

Тележүргізуші Дана Нұржігіттің өмірбаяны

2020 жылдың 13 сәуірінде қалалық аурухананың анестезиология, жансақтау және қарқынды терапия бөліміндегі бір науқастан COVID-19 расталған соң, біздің жұбайларымыз ауру жұқтырған адаммен байланыста болғандықтан карантинге жабылған жұмыс орнында қалуға мәжбүр болды.
Сұрақ – неліктен біздің күйеулеріміз денсаулық сақтау министрлігінің құрғақ сөзіне сеніп, денсаулығын қауіп-қатерге тігуі керек, неліктен олардың отбасылары зардап шегуі тиіс? Оған қоса, анестезиолог-реаниматолог дәрігерлердің жалақысына қарасақ, жұмысы жоқтарға төленетін жердемақымен пара-пар, бұл жалақы күн сайын бірнеше адам өмірін аман алып қалатын адамның жалақысына мүлде ұқсамайды.
Қазір де ТЖ жағдайында олар тағы мемлекет назарынан тыс қалып отыр. Бірінші аурухананың жансақтау және қарқынды терапия бөлімінің дәрігерлері өз жұмысын жақсы көреді әрі адал атқарады. Денсаулық сақтақ министрлігінің бұл дәрігерлерді көзге ілмеуі – адам жанына араша түсіп жүрген ақ халаттыларды қорлау.
Дәл осы ауруханада дәрігерлердің бірінен коронавирус анықталған. Ол туберкулез диспансеріне ауыстырылды. Ауруханада жұмыс істейтін дәрігерлер ешқандай қауіпті санатқа жатпайтыны белгілі, осы тұста сұрақ туындайды: сол ауру жұқтырған дәрігер мемлекеттен қандай да бір көмекке үміттене ала ма, себебі ол ауруды қызметіне байланысты жұқтырып отыр ғой?

Тағы да оқыңыздар

Бөлмеде өсіруге арналған гүлдер

Біз денсаулық сақтау министрлігінен 1-ші қалалық ауруханадағы дәрігерлердің мәртебесін қайта қарауын және оларға ТЖ кезінде қызметіне қауіп төніп тұрғанына, сондай-ақ уақыт сайын бұл медициналық мекемеде коронавирус фактісі анықталуына байланысты үстемақы төлеуін талап етеміз!
Дәрігерлердің мүддесін қорғауы тиіс "Сенім" кәсіподағы не үшін құрылды? Елде профпатология институттары не үшін құрылған? Дәрігерлерге деп бөлінетін ақша қайда кетіп жатыр?" ,– деп жазбасын қортындылады шағымданушылар.

Айта кетейік, соңғы мәліметтерге сәйкес елімізде COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны 1179-ға жеткен. Олардың 264-і Нұр-Сұлтан қаласынан.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Елордалық ақ халаттылардың жұбайлары Денсаулық сақтау министріне хат жазды