Выйти
RU

Нұр-Сұлтанда 10 бірдей нысан карантинге жабылды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Елордада коронавирусқа байланысты төтенше жағдай режимі енгізілгеннен бері 23 нысан карантинге жабылды. Дәл осы сағатта 10 нысан жабық болып қала бермек деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Нұр-Сұлтанда 10 нысан жабылды

Көрнекі фото: KAZ.NUR.KZ

Елордалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы бүгін Covid-19-дың жаңа деректері жайлы баяндап берді. Соңғы екі күнде қауіпті вирусты жұқтырудың 29 жаңа оқиғасы анықталды.

Сәуле Қисықова сондай-ақ, коронавирустың салдарынан төтенше жағдай режимі енгізілгеннен бері қалада 23 нысан карантинге жабылғанын сөз етті.

Оның айтуынша, барлық аталған нысандарда дезинфекциялау құралдарымен өңдеу жүргізілді және онда тұратын адамдардың қозғалуы шектелді. Сондай-ақ дезинфекция науқастардың жұмыс орны бойынша жүргізіледі.

Барлығы 267 ошақта залалсыздандыру жұмыстары жүргізілген. Осы сағатта 10 нысан жабылды.

Елордада жалпы КВИ-ға 17 мың 414 оқиға тексерілді. 9-13 сәуір аралығында 4 766 адамға жылдам тестілеу өткізілді. Оның ішінде 61 жағдайда немесе 1,2% оң нәтижелер қойылған.

Қисықованың айтуынша, бұл адамдар одан әрі тексеруден өту үшін провизорлық стационарларға жатқызылды. Олардан коронавирус инфекциясына диагностика жүргізу үшін сынамалар алынды.

Тағы да оқыңыздар

Бөлмеде өсіруге арналған гүлдер

Оның ішінде 30 адам теріс нәтижемен шығарылды.

Бұған дейін елордалық денсаулық сақтау басқармасында Ковид-19-дан болған өлім жайлы айтылды. Нұр-Сұлтан тұрғынының қайтыс болғаны туралы бүгін таңертең денсаулық сақтау министрлігі басшысының үкімет отырысында жасаған баяндамасынан белгілі болды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Нұр-Сұлтанда 10 бірдей нысан карантинге жабылды