Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Белгілі спорт қайраткері Бекет Махмұтов дүниеден өтті

Опубликовано:

Бүгін, 14 сәуірде Қазақстанның белгілі қоғам және спорт қайраткері Бекет Сапабекұлы Махмұтов өмірден озды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Қазақстан дзюдо федерациясына сілтеме жасап.

Белгілі спорт қайраткері Бекет Махмұтов дүниеден өтті
Фото: kfb.kz: UGC

Қазақстан дзюдосына елеулі еңбек сіңірген майталман Бекет Сапабекұлы Махмұтов 81 жасында дүниеден өтті.

Оның аты Қазақстан спортында алтын әріптермен жазылып қалды.

Айта кетейік, самбодан КСРО спорт шебері атағына қол жеткізген спорт қайраткері 1939 жылы Алматы облысында дүниеге келген.

Бекет Махмұтов өмірінің басым бөлігін бокс және дзюдо спортының дамуына арнаған.

2009-2012 жылдары Қазақстан Дзюдо федерациясының президенті болды. Сондай-ақ, Азия дзюдо одағының вице-президенті қызметін атқарды.

1999 жылы "Құрмет" орденімен марапатталды. Ал 2000 жылы "Қазақстанның еңбегі сіңген қайраткері" атағын алды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1850674-belgili-sport-kajratkeri-beket-mahmtov-dnieden-tti/

pixel