Выйти
RU

Соңғы күндері Нұр-Сұлтанда коронавирус жұқтырғандар саны күрт өскен

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Елорданың денсаулық сақтау басқармасы коронавирус жұқтырудың жаңа деректері жайлы ақпарат ұсынды. Соңғы екі күнде астанада COVID-19 инфекциясы 29 адамнан анықталған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Нұр-Сұлтанда коронавирус жұқтырғандар саны күрт өсіп кетті

Көрнекі фото: pixabay.com

Сәуле Қисықованың мәлімдеуінше, Нұр-Сұлтанда 12 сәуір күні коронавирус жұқтырудың 20 дерегі, ал 13 сәуір күні 9 дерегі тіркелген. Осылайша, бүгінде елордада КВИ диагнозы 264 адамда расталған.

Одан бөлек, ведомство басшысы 19 пациенттің диагнозы екіжақты пневмониядан емдеу барысында анықталғанын айтты. Оларда вирусты айғақтайтын алғашқы тест теріс нәтиже көрсеткен.

Алайда екінші тест пациенттерде COVID-19 инфекциясы бар екенін растаған.

Ал жеті адам коронавирус инфекциясын жұқтырған жанұя мүшелерімен немесе әріптестерімен байланыста болған.

Тағы үш дерек вирусты анықтау мониторингі барысында тіркелген.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов елімізде коронавирус індетінен 14 науқас қайтыс болғанын, соңғы екі қайғылы жағдай Нұр-Сұлтан қаласы мен Шымкентте тіркелгенін мәлімдеді.

Cоңғы деректер бойынша, елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың саны 1179-ға жетті.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Соңғы күндері Нұр-Сұлтанда коронавирус жұқтырғандар саны күрт өскен