Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Биыл елімізде қасиетті Рамазан айы 24 сәуірден басталады

Опубликовано:

Биыл елімізде қасиетті Рамазан айы 24 сәуір күні басталатын болды. Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұы мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: azh.kz
Көрнекі фото: azh.kz: Facebook
"Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы еліміздегі іргелі зерттеу орталықтарының бірі болып табылатын В.Г.Фесенков атындағы "Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы" мекемесінің ғылыми мәліметіне сүйеніп, сондай-ақ көрші Өзбекстан және Қырғызстан мұсылмандары діни басқармаларымен кеңесіп, Рамазан айының басталатын күнін белгіледі.
Шариғат үкімі мен ғылыми зерттеу жұмысының қорытындысына сәйкес, мұсылмандар асыға күтетін рамазан айы биыл елімізде 24 сәуір күні басталады деген шешім қабылданды", - деп атап өтті Наурызбай қажы Тағанұлы Орталық коммуникациялар қызметінде тікелей эфирде өткен брифингте.

ҚМДБ-ның мәліметінше, төтенше жағдайға байланысты қасиетті Рамазан айында тарауық намазы мешіттерде жамағатпен оқылмайды. Бұл індеттің таралуының алдын алу мақсатында жасалып отыр.

Сонымен қатар діни басқарма төтенше жағдай кезінде онлайн-уағыздар мен дәрістердің арнайы кестесін бекіткен. Сондай-ақ, тұрғындарды қызықтыратын барлық сұраққа жедел жауап беру үшін call-center ашылған: (7172) 33-30-30.

Айта кетейік, осыған дейін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы коронавирусқа байланысты халыққа үндеу жолдаған болатын.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1850703-biyl-elimizde-kasietti-ramazan-ajy-24-suirden-bastalady/

pixel