Выйти
RU

Қазақстанда төтенше жағдай режимі 1 мамырға дейін ұзартылды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Елімізде Төтенше жағдай режимі 1 мамырға дейін ұзартылды. Тиісті қаулыға мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ/ Петр Карандашов

Көрнекі фото: NUR.KZ/ Петр Карандашов

"Төтенше жағдай туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 3-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

  1. "Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 15 наурыздағы № 285 Жарлығымен енгізілген Қазақстан Республикасының барлық аумағындағы төтенше жағдайдың қолданысы 2020 жылғы 1 мамырдағы 07 сағат 00 минутқа дейін ұзартылсын.
  2. Қазақстан Республикасының үкіметі орталық және жергілікті мемлекеттік органдармен бірлесіп, осы Жарлықтан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
  3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі", - делінген президент қаулысында.

Еске сала кетейік, коронавирус пандемиясына байланысты Қазақстанда 16 наурыздан бастап 15 сәуірге дейін Төтенше жағдай жарияланған болатын.

Кейін мемлекет басшысының тапсырмасымен төтенше жағдай режимі 30 сәуірге дейін ұзартылды.

Айта кетейік, елімізде коронавирус жұқтыру жағдайлары күн санап өсуде. Соңғы мәліметтер бойынша, COVID-19 инфекциясы анықталғандар саны 1179-ға жеткен.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қазақстанда төтенше жағдай режимі 1 мамырға дейін ұзартылды