Выйти
RU

Қордайдағы оқиға: Алматыда 24 адам қамауға алынды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Алматы қалалық соты қыста Қордай ауданында болған жаппай тәртіпсіздіктерге қатысты деп күдіктеліп жатқан 24 адамның қамауға алынғанын мәлім етті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Қордайдағы оқиғалар: Алматыда 24 адам қамауға алынды

Көрнекі фото: KAZ.NUR.KZ

Сот органының баспасөз қызметі бұған дейін ұсталған 24 азаматқа қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланғанын жеткізді.

Ұстау мерзімі - екі айды құрайды. Барлық қамауға алынған адамдар Қылмыстық кодекстің 272-бабында қарастырылған қылмысты жасады деп күдіктелуде.

Естеріңізге сала кетейік, осы жылдың 7 ақпанында Қордай ауданында жаппай тәртіпсіздік болып, салдарынан 11 адам көз жұмды.

Сондай-ақ, аталмыш жайттан кейін 178 қазақстандық медициналық көмекке жүгінсе, оның ішінде құқық қорғау органдарының 19 қызметкері зардап шеккен

Айта кетейік, бұл оқиғадан кейін облыс пен аудан әкімі ауысты.

Жамбыл облысының басшысы болып сол кездегі вице-премьер Берібек Сапарбаев тағайындалды.

Наурыз айының басында мемлекет басшысы Қордай ауданына өзі барды.

27 наурызда Алматы, Шымкент және Жамбыл облысында Қордайдағы тәртіпсіздікке күдіктілерді ұстау үшін арнайы операция жүргізілді. Ұсталғандардың арасында бұрын сот алдына келгендер де болды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қордайдағы оқиға: Алматыда 24 адам қамауға алынды