Выйти
RU

Алматыда көшеде себепсіз жүрген 604 адамның басы дауға қалды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Алматыда төтенше жағдай режимін елемей, белгіленген ережелерді бұзған 604 адам жауапкершілікке тартылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Алматыда көшеде себепсіз жүрген 604 адам айыппұл төлейді

Көрнекі фото: KAZ.NUR.KZ

Агенттіктің мәліметінше, мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 476-бабына сәйкес, 93 әкімшілік материалды қараған.

Нәтижесінде 10 адам әкімшілік қамауға алынып, 61 адамға айыппұл салынған және 22 тұрғынға ескерту жасалған.

"28 наурыздан бастап 604 адам көшеде себепсіз жүргені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның 6-ауы қамауға алынды, 52-сіне айыппұл салынды, 17 адамға ескерту жасалды.
Бақылау-өткізу бекеттерін айналып өтіп, қалаға кіру тәртібін бұзғаны үшін 18 адам жауапқа тартылды", – дейді Алматы қалалық ПД басшысының бірінші орынбасары Нұрлан Алмасбеков.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Алматы мен Нұр-Сұлтан көшелерінде себепсіз жүргендер қамауға алынуы мүмкін екенін хабарлаған едік.

Айта кету керек, тәртіпке бағынбаған тұрғыдардың 26 500 теңге көлемінде айыппұл төлейтіні немесе 15 тәулікке қамалуы мүмкін екені айтылған еді.

Сондай-ақ төтенше жағдай кезінде полицияға бағынбағандарға қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Алматыда көшеде себепсіз жүрген 604 адамның басы дауға қалды