RU

Алматыда адамдарды заңсыз өткізбек болған қоқыс көлігінің жүргізушісі ұсталды

Алматыда жолаушыларды заңсыз тасымалдаған қоқыс көлігінің жүргізушісі ұсталды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Depositphotos

Полицияның хабарлауынша, қоқыс таситын көліктің 1969 жылғы жүргізушісі бүгін таңертең № 4 блокпостта ұсталған.

Анықталғандай ер адам жолаушыларды көлігіне мінгестіріп, оларды облыстан қалаға жасырын кіргізбек болған.

"Тәртіп сақшылары оның көлігін тексерді. Нәтижиесінде кабинаның ішінде тығылып отырған адамдарды анықтады.
Жалпы жүргізушіні қоса алғанда жүк көлігінде бес адам болды, олардың екеуі – әйел.
Жүргізуші қоқыс таситын көлігімен жолаушыларды облыстан қалаға кіргізбек болған", – деп хабарлайды қалалық ПД баспасөз қызметі.

Көлік жүргізуші мен жолаушылар Алатау аудандық полиция басқармасына жеткізіліп, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 476-бабының талаптарына сәйкес төтенше жағдайды бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Өндіріс материалдары шешім шығару мақсатында сотқа жіберіледі.

Естеріңізге сала кетейік, Қарағанды облысында ТЖ режимін бұзған екі адамның 10 тәулікке қамалғаны туралы жазған едік.

Олардың біреуі бақылау-өткізу пункті арқылы өз көлігімен екі жолаушыны тасымалдамақ болыпты.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1850750-almatyda-adamdardy-zasyz-tkizbek-bolgan-kokys-kligini-zrgizusisi-staldy.html