Выйти
RU

Қазақстанда тағы 53 адам коронавирустан жазылып шықты

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қазақстан Республикасында коронавирус инфекциясынан айыққандардың саны өсті. Елімізде тағы 53 адам қауіпті індетті жеңіп, ауруханадан шықты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pinterest.com

Көрнекі фото: pinterest.com

Қазіргі таңда республика аумағында коронавирустан емделіп шыққан азаматтардың саны 203 адамға жетті. Қауіпті инфекциядан тағы 53 отандасымыз жазылғаны белгілі болды. Олардың 46-сы Нұр-Сұлтан қаласынан болса, 6 азамат Атырау облысының тұрғындары екені анықталды.

Бүгінгі күні елімізде COVID-19 вирусын еңсергендер саны бойынша елорда көш бастап тұр. Нұр-Сұлтанда ауыр дерттен 110 адам айыққан. Жазылып шыққандардың көрсеткіші бойынша екінші орында оңтүстік астана келе жатыр. Алматыда коронавирусты жеңген науқастар саны 58 адамға жетті.

Үшінші орында - Атырау облысы. Қауіпті індеттен бұл өңірде 12 адам емделіп шықты. Одан кейін:

Алматы облысы – 5,

Ақмола облысында – 4,

Жамбыл облысы – 3,

Шымкент қаласы – 2,

Ақтөбе облысы – 2,

Қызылорда облысы – 2,

Батыс Қазақстан облысы – 1,

Қарағанды облысы – 1,

Маңғыстау облысы – 1,

Тағы да оқыңыздар

Гиннес рекордтар кітабына енген қазақстандықтар тізімі

Павлодар облысы – 1,

Солтүстік Қазақстан облысы – 1.

Айта кетейік, бұған дейін Алматыда коронавирустан сегіз адам айығып шыққан болатын.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қазақстанда тағы 53 адам коронавирустан жазылып шықты