Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы блок-бекетінде облысқа өту үшін пара бермек болған ер адам ұсталды

Опубликовано:

Алматыдан шығып, облысқа кетуге тырысқан ер азамат қала сыртындағы блок-бекетінен пара беріп өтпек болған. Ол полиция қызметкеріне он мың теңге беріп жатқан жерінен ұсталды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Коллаж: NUR.KZ (Видеодан кадр: Polisia.kz / YouTube)
Коллаж: NUR.KZ (Видеодан кадр: Polisia.kz / YouTube): UGC

Ер адам Алматыдан шыға берген жерде орналасқан блок-бекетінде ұстаған.

Полицияның хабарлауынша, күдікті қаладан шығып, облыс аумағына өтпек болған. Полицейдің рұқсатын алу үшін ол оған екі бес мың теңгені беруді ұйғарған.

Бұл кезде бекетте Медеу аудандық полиция басқармасының қызметкері болған. Тәртіп сақшысы параны алудан бас тартып, өз әріптестерінің көмегіне жүгінген. Құқыққорғау қызметкеріне ақша ұсынған ер адамды оқиға орнында ұстап, оған қатысты қылмыстық іс қозғалды.

"Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Алматы облысының аумағына бақылау-өткізу бекетінен кедергісіз өтуі үшін Медеу аудандық полиция басқармасының қызметкері Ш.Айнабековке 10 мың теңге көлемінде қаражатты бергеннен кейін, шенеунікке пара берді деген күдікпен 1977 жылы туған А.есімді ер адам ұсталды" , - деді Алматы қалалық ПД Жеке қауіпсіздік басқармасының басшысы Саламат Көкрекбаев.

Азамат бермек болған ақша процессуалды тәртіпте тәркіленіп, іс материалдарына қосылған. Ер адам қызметтік тұлғаға пара бергені үшін күдіктелуде.

Полиция өкілдерінің мәлімдеуінше, тергеу жұмыстарымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет айналысатын болады.

Айта кетейік, бұған дейін Алматыда адамдарды заңсыз өткізбек болған қоқыс көлігінің жүргізушісі ұсталғанын хабарлаған болтынбыз.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1850765-almaty-blok-beketinde-oblyska-tu-sin-para-bermek-bolgan-er-adam-staldy/

pixel