Выйти
RU

Нұр-Сұлтанда "Әбу-Дәби" жұмысшысы мен ЖЭЦ қызметкерінен коронавирус анықталды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Нұр-Сұлтан әкімдігінде "Әбу-Дәби Плаза" құрылысы мен ЖЭЦ-2 ("Астана Энергия" АҚ) аумағында ауқымды дезинфекция шаралары жүріп жатқанын хабарлады. Қос мекемеде бір-бір қызметкердерден коронавирус инфекциясы анықталған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: astana.gov.kz

Фото: astana.gov.kz

Елорда әкімдігінің ресми сайтында "Астана Энергия" АҚ қызметкері мен "Абу-Даби Плаза" жұмысшысынан коронавирус табылғаны хабарланды.

"Астана-Энергия" АҚ аумағында әскери бөлімдермен бірлесіп дезинфекциялау бойынша жұмыстар жүргізілді. Науқаспен жақын байланыста болған 11 адам (9 адам жұмыс барысында) үй карантиніне алынды. Ал коронавирусқа шалдыққан адам стационарда жатыр.

Қауіп-қатердің жоқтығына байланысты кәсіпорын жұмысы жалғастыруда. Қызметкерлерді тасымалдау ұйымдастырылды. Көлік дезинфекцияланып, қызметкерлер қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етілген.

"Абу-Даби Плаза" қызметкері жарты айдан астам уақыт жұмыста болмағандықтан әріптестерімен қарым-қатынаста болмаған. Науқаспен жақын қатынаста болған 2 адам анықталды (ұйым қызметкерлері емес).

Қазіргі таңда біреуі стационарда, екіншісі  үй карантинінде. Науқас қызметкердің әріптестерімен қатынаста болмағанына қарамастан жұмыс уақытша тоқтатылды. Аумақта дезинфекция жүргізілді. Жақын арада жұмыс қайта басталады.

Нұр-Сұлтанда барлығы 268 адам коронавируспен ауырып, 110 адам сауықты.

Тағы да оқыңыздар

Гиннес рекордтар кітабына енген қазақстандықтар тізімі

Айта кетейік, бұған дейін елордада он бірдей нысан карантинге жабылған болатын.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Нұр-Сұлтанда "Әбу-Дәби" жұмысшысы мен ЖЭЦ қызметкерінен коронавирус анықталды