Выйти
RU

Қазақстанда коронавирус жұқтырудың жаңа 33 оқиғасы тіркелді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Ресми дереккөздер 14 сәуір күні тағы 33 қазақстандықтың коронавирус инфекциясын жұқтырғанын хабарлады. Елімізде COVID-19 вирусымен ауырып жатқандардың саны 1232 адамға жетті деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: Sergei Savostyanov / TASS / Getty Images

Көрнекі фото: Sergei Savostyanov / TASS / Getty Images

Жарияланған ақпаратқа сәйкес, коронавирус жұқтырудың жаңа оқиғалары екі қала мен бес өңірде тіркелген. Тағы 33 отандасымыздан инфекция анықталған.

Олардың ішінде 14 адам Нұр-Сұлтан қаласынан, сегіз адам - Алматыдан, алты науқас Атырау облысынан, екі адам Қызылорда облысынан екені белгілі болды. Сонымен қатар, БҚО, Павлодар мен Қызылорда облыстарынан бір-бір адамнан вирус жұқтырған болып шықты.

Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 282 адам, Алматы қаласында – 358 адам, Қарағанды облысында - 78 адам, Ақмола облысында - 79 адам, Атырау облысында - 69 адам, Жамбыл облысында - 49 адам, Шымкент қаласында - 39 адам, Шығыс Қазақстан облысында - 8 адам, Алматы облысында - 24 адам, Ақтөбе облысында - 12 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 26 адам, Павлодар облысында - 11 адам, Маңғыстау облысында - 10 адам, Қызылорда облысында - 121 адам, Батыс Қазақстан облысында - 12 адам, Түркістан облысында - 52 адам, Қостанай облысында - 5 адам коронавирус жұқтырып алды.

Тағы да оқыңыздар

Гиннес рекордтар кітабына енген қазақстандықтар тізімі

Республика аумағы бойынша COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар жалпы 1232 науқас тіркелді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қазақстанда коронавирус жұқтырудың жаңа 33 оқиғасы тіркелді