Выйти
RU

Коронавирустың салдарынан комаға түскен жүкті әйел дені сау баланы дүниеге әкелді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

АҚШ-тың Ванкувер қаласының аяғы ауыр тұрғыны коронавирустан емделу кезінде жасанды комаға түскен. Алайда бұл келіншектің дүниеге дені сау бала әкелуіне кедергі келтірмепті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ РИА Новостиге сілтеме жасап.

Коронавирустың салдарынан комаға түскен жүкті әйел дүниеге дені сау баланы әкелді

Фото: pixabay.com

24 наурызда 27 жастағы Ангела Примаченконың инфекцияға тапсырған сынамасы оң нәтиже көрсеткен.

Ауру белгілерінің күшеюіне байланысты дәрігерлер әйел адамды ауруханаға жатқызып, жасанды комаға түсіруге шешім қабылдайды.

Өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған кезінде Примаченко жүктіліктің 33 аптасында болған. Ол комада жатқан кезінде босанған.

Қазір нәресте жансақтау бөлімінде дәрігерлердің бақылауында. Ол қауіпті вирусты жұқтырмаған.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қызылордада коронавирус жұқтырған әйел адамның дені сау нәрестені дүниеге әкелгенін хабарлаған едік. Жаңа туған сәбиден COVID-19 инфекциясы анықталмаған.

Оның тест нәтижелері теріс болып шыққан. Айта кетейік, дәрігерлер коронавиурс жұқтырған Қызылорда тұрғынын 9 сәуір күні босандырып алды.

Сондай-ақ, Алматы облысында коронавирус жұқтырған жүкті әйел ауруханадан емделіп шыққан еді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Коронавирустың салдарынан комаға түскен жүкті әйел дені сау баланы дүниеге әкелді