Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ресейдің солтүстік-шығысындағы еңбек бірлестігінде 9 адам вирус жұқтырды деп күдіктелуде

Опубликовано:

Ресейдің Магадан облысы Ягоднинск округіндегі еңбек бірлестігінің 9 қызметкерінен алдын ала коронавирус инфекциясы анықталды. Бұл туралы өңірдің губернаторы Сергей Носов мәлім етті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ РБК-ға сілтеме жасап.

Көрнекі фото: ТАСС / Артем Геодакян
Көрнекі фото: ТАСС / Артем Геодакян: Facebook

Ол кәсіпорынның карантинге жабылғанын жеткізді. Барлық қызметкерлер медициналық тексеруден өтеді.

"Инфекция жұқтырған бірінші адам оттегі терапиясын алып жатыр. Компьютерлік томография арқылы тағы екеуінің ауруы асқынғаны анықталды. Бір әйелдің жағдайы ауыр", – деді өңір басшысы.

Оның айтуынша, екі адам Магаданның жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізіледі.

Өңірлік денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, Магадан облысында коронавирус инфекциясы үш адамнан анықталған. Оның біреуі аурудан жазылып шыққан. Жалпы, өңірде 1141 адам инфекцияға тексерілген.

Айта кетейік, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) басшысы Тедрос Адхан Гебрейесус коронавирус инфекциясының шошқа тұмауына қарағанда он есе қауіпті екенін мәлімдеген болатын.

Соңғы деректерге сәйкес, әлемде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны екі миллионға жуықтады.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1850804-resejdi-soltstik-sygysyndagy-ebek-birlestiginde-9-adam-virus-zktyrdy-dep-kdiktelude/

pixel