Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Коронавирус: Бос қалған метро вагонында темекі шеккен ер адамның басы дауға қалды

Опубликовано:

Мәскеуде өзін-өзі оқшаулау режиміне байланысты бос қалған метро вагонында темекі шеккен ер азамат ұсталды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ moslenta.ru-ге сілтеме жасап.

Коронавирустың салдарынан бос қалған вагонда темекі шеккен адамның басы дауға қалды
Фото: Видеодан кадр: UGC

Тelegram арнада жарияланған видео кадрларынан ер адамның сіріңкені алып, темекі тұтқанын көруге болады.

Видеоны оның танысы түсірген деп болжануда. Сонымен бірге, метродағы пойыз вагонында тәртіп бұзушылардан басқа ешкімнің жоқ екенін байқауға болады.

Айта кету керек, 30 наурызда Мәскеуде коронавируспен күресу үшін жалпы оқшаулау режимі жұмыс істей бастады.

Сондай-ақ, Ресей астанасында 1 мамырға дейін жаппай шаралар өткізуге тыйым салынған, мектептер, балабақшалар, қоғамдық тамақтану орындары, сауда орталықтары мен саябақтар жабылған.

Дегенмен көліктер өз жұмысын жалғастыруда.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Алматыда карантин кезінде көшеде себепсіз жүргені үшін 604 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылғаны хабарланған еді.

Олардың 6-ауы қамауға алынса, 52-сіне айыппұл салынып, 17 адамға ескерту жасалған.

Сондай-ақ, бақылау-өткізу бекеттерін айналып өтіп, қалаға кіру тәртібін бұзғаны үшін 18 адам жауапқа тартылған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1850805-koronavirus-bos-kalgan-metro-vagonynda-temeki-sekken-er-adamny-basy-dauga-kaldy/

pixel