RU

Қазақстанда коронавирус жұқтырған тағы 29 адам анықталды

Елімізде COVID-19 инфекциясын жұқтырған тағы 29 адам тіркеліп отыр. Олар еліміздің әр өңірінен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: Depositphotos

Қазақстандағы коронавирус бойынша 15 сәуір 09:25-тегі эпидемиологиялық жағдай:

Вирус жұқтырған 29 адам Нұр-Сұлтан (9), Алматы (6), Шымкент (1) қалалары мен Атырау (1), Батыс Қазақстан (6), Қызылорда (3), Қарағанды (2) облыстарында тіркелген.

Осы сағатта:

Нұр-Сұлтан қаласы – 291

Алматы қаласы – 364

Шымкент қаласы – 40

Ақмола облысы – 79

Ақтөбе облысы – 12

Алматы облысы – 24

Атырау облысы – 70

Шығыс Қазақстан облысы – 8

Жамбыл облысы – 49

Батыс Қазақстан облысы – 18

Қарағанды облысы – 80

Қостанай облысы – 5

Қызылорда облысы – 124

Маңғыстау облысы – 11

Павлодар облысы – 11

Солтүстік Қазақстан облысы – 26

Түркістан облысы – 49, барлығы 1261 адам тіркеліп отыр.

Олардың 203-і COVID-19 инфекциясынан жазылып шықса, 14-і қайтыс болды.

Ал әлемде коронавирус жұқтырғандар мен көз жұмғандар бойынша АҚШ көш бастап тұр.

Джонс Хопкинс университетінің мәліметінше, елде COVID-19-дан қайтыс болғандар саны 25 мыңнан асқан.

Вирусты ең көп жұқтырған екінші мемлекет Испания болып отыр. Онда 172 мыңнан аса адамнан коронавирус анықталған. Айта кету керек, бұл елде жазылып шыққандар АҚШ-тан екі есеп көп. Испанияда 65 мыңға жуық адам КВИ-ден сауыққан.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1850812-kazakstanda-koronavirus-zktyrgan-tagy-29-adam-anyktaldy.html