Выйти
RU

99 жастағы Екінші дүниежүзілік соғыс ардагері коронавирусты жеңіп шықты

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Бразилияда тұратын 99 жастағы Екінші дүниежүзілік соғыс ардагері Эрнандо Армелдиндо Пивета коронавирустан айықты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ РБК-ге сілтеме жасап.

99 жастағы Екінші дүниежүзілік соғыс ардагері коронавирусты жеңіп шықты

Көрнекі фото: Getty Images/Justin Setterfield / Staff

Бастапқыда қарт кісі үйде емделген, бірақ 6 сәуірде жөтелдің асқынуынан ауруханаға расталған диагнозбен жеткізіледі.

Дәрігерлер қарияны инфекциядан пайда болған асқынулардан және егде жасына байланысты интенсивті терапия бөліміне жатқызуға шешім қабылдайды.

Алайда зейнеткерді өкпені жасанды желдету аппаратына қоспаған. Себебі қарт кісі өздігінен дем ала алған.

Сейсенбі, 14 сәуірде Эрнандо Пивета коронавирустан жазылып, медициналық мекемеден шығарылды.

Айта кетейік, Эрнандо Армелиндо Пивета - Бразилия экспедициялық күштерінің бұрынғы қызметкері. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде ол Жерорта теңізі театрындағы ұрыстарға қатысқан.

Бразилияның денсаулық сақтау министрлігінің соңғы мәліметтеріне сәйкес, елде коронавирус жұқтырғандардың саны 25 мыңнан асқан. 1532 адам қайтыс болған.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Нұр-Сұлтан қаласында 82 жастағы әжейдің коронавирустан жазылып шыққанын хабарлаған едік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
99 жастағы Екінші дүниежүзілік соғыс ардагері коронавирусты жеңіп шықты