Выйти
RU

"Өз театрын жөндеп алсын": Қоянбаев киносын сынаған Уәлибек Әбдрайымовқа жауап берді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Отандық танымал әзілкештер Нұрлан Қоянбаев пен Уәлибек Әбдірайымовқа арасында үлкен дау туындады. "Шаншар" әзіл-оспақ театрының басшысы бүгінде кино таспалауды меңгерген інісін фильмдерінде орыс пен қазақ тілін араластырып жатқаны үшін сынға алған болатын. Кинопродюсер өз кезегінде өнердегі ағасына жауап беріп, оған да өз тарапынан театрға қатысты кеңес берген деп жазады KAZ.NUR.KZ "Ревю" бағдарламасына сілтеме жасап.

Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Уәлибек Әбдірайымов КВН жұлдызын қазақ тілін қорлап, ауыл адамдарын кемсітіп жатыр деп сынаған болатын.

"Орысша-қазақша араласқанға мен кешіре алмаймын. Өзін көрсету мақсатында, кино түсіре алатынын білдіру мақсатында қаржыңды жинап алып, осындай әрекетке баруға болатын шығар. Ал енді әрекеттен өткеннен кейін, ұлтыңызға қарай қызмет істегендеріңіз дұрыс болады ғой.
Өтініш менен, қазақ тілі - кемпір шалдың тілі болмаса ауылдан келгендердің тілі болмасын. Бізде қазір кинода қазақша кемпір-шал мен ауылда тынған бір адамға сөйлетіп қояды. Ал мықты әрі ақылды сөздер орысша айтылады. Сонда не қазақтың балалыр ақымақ па?" , - деп ашуын білдірген болатын ол.

Тағы да оқыңыздар

Қорқыт ата туралы не білеміз?

Бұл сынға Қоянбаевтың айтар жауабы да дайын болып шықты.

"Кейбір ағаларымыз сынайды. Қалай деймін да, аға болып жас балаларды сынау болады? Інілері еңбек етіп жатыр ғой. Жаман нәрсе жасап жатқан жоқ. Әзіл ұрлап, өңдеп шығарып жатқан жоқ, Өзінің әзілдерін көрсетуде. Бұл орын алған дауды өзі түсіндірсін. Бастаған өзі, өзі аяқтасын. Сол ғаламторда шу шығармай, маған өзі хабарласып айтса болатын еді. Мен жылына бір кино түсіремін. Ары кетсе екі кино.
Менен басқа елде, 50-60 шақты өзге тілде кино түсіруде. Халықтың ақшасына қаншама орыс тілді кино түсірілді. Мені не қыласыздар? Аздаған жеке қаражатқа кино түсіріп жатқан адамбыз. Соған қарамастан рекорд жаңартып жатырмыз. Және ол кісі де өз театрын дұрыстап алсын, патриот болса. Ескі декорациямен концерт жасап, халықтан ақша жинай бермей" , - деді Қоянбаев.

Айта кетейік, Нұрлан Қоянбаев коронавируске қатысты құпиямен бөлісемін деп, желіде қызу талқыға түскен болатын.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Өз театрын жөндеп алсын": Қоянбаев киносын сынаған Уәлибек Әбдрайымовқа жауап берді