Выйти
RU

Карантин кезінде кімдерге ораза ұстамауға рұқсат етіледі

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Еліміздің бас мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлы карантин кезінде кімдерге ораза ұстамаса болатынын айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының ресми сайтына сілтеме жасап.

Видеодан кадр

Видеодан кадр

Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының төрағасы шариғат бойынша балиғатқа толған, ақыл-есі дұрыс әрбір мұсылманға Рамазан айында ораза ұстау – парыз екенін жеткізді.

Дегенмен ораза ұстамаса болатын санатқа кіретін жандарды айтып өтті.

"Жолаушыларға, сырқаттанған немесе денсаулығы нашар адамдар ауруының асқынуынан қауіптенсе және сенімді дәрігер ұзақ уақыт бойы ашығудан денсаулығы күрт нашарлап кетуі мүмкін деген шешім қабылдаса, сонымен қатар жүкті немесе омырауда баласы бар әйелдерге ораза тұтуды кейінге қалдыруға шариғат рұқсат береді", - деді бас мүфти.

Сонымен қатар бас мүфти Рамазан айы биыл 24 сәуірден басталатанын хабардар етті.

Сондай-ақ, елдегі төтенше жағдайға байланысты тарауық намазы мешіттерде жамағатпен оқылмайтыны белгілі болды. Бұл індеттің таралуының алдын алу мақсатында жасалып отыр.

Естеріңізге сала кетейік, коронавирус пандемиясына байланысты 15 наурызда Қазақстанда жарияланған Төтенше жағдай 1 мамырға дейін ұзартылды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Карантин кезінде кімдерге ораза ұстамауға рұқсат етіледі