Выйти
RU

Мәскеу клиникалық ауруханасының бас дәрігері коронавирустан жазылып шықты

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Мәскеу қаласы №40 клиникалық ауруханасының бас дәрігері Денис Проценко коронавирустан айықты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ РИА Новостиге сілтеме жасап.

Денис Проценко. Фото: РИА Новости / Евгений Биятов

Денис Проценко. Фото: РИА Новости / Евгений Биятов

Бас дәрігер оқшаулау режимінен шығып, толыққанды жұмыс тәртібіне көшкенін өзінің Facebook парақшасында мәлім етті.

"Екі сараптама теріс нәтиже көрсетті. Оқшаулау режимі аяқталды. Толыққанды жұмыс тәртібіне ораламын. Қызыл аймақтан шыққан соң толығырақ жазамын", – дейді Денис Проценко.

Айта кетейік, қазіргі таңда Ресейде коронавирус инфекциясын жұқтырудың 21 102 жағдайы тіркелген. 1694 адам аурудан жазылып шықса, соңғы деректерге сәйкес, 170 науқас көз жұмған.

Еске сала кетейік, Мәскеу қаласы №40 клиникалық ауруханасының бас дәрігері Денис Проценконың коронавирус жұқтырғанын сәуір айының басында хабарлағанбыз.

Ал одан бір апта бұрын бұл ауруханаға Ресей президенті Владимир Путин келген. Ол бас дәрігер Проценкомен кездесіп, медициналық мекеменің ұжымымен әңгімелескен.

Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков президенттің жүйелі түрде коронавирусқа тексеріліп жатқанын айтып, барлығы дұрыс екенін жеткізді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Мәскеу клиникалық ауруханасының бас дәрігері коронавирустан жазылып шықты