Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Сауатсыз болсаң, елді адастырма": Түсіпбаева Нұрлан Еспановқа қарсы шықты

Опубликовано:

Отандық танымал әнші Меруерт Түсіпбаева өнердегі әріптесі Нұрлан Еспановпен дауласып қалды. Эстрада жұлдыздарының коронавирус пандемиясына қатысты пікірлері келіспей қалған деп жазады KAZ.NUR.KZ "Ел аузында" бағдарламасына сілтеме жасап.

Фото: Instagram/espanov_n/meruert_tusupbaeva. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: Instagram/espanov_n/meruert_tusupbaeva. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Меруерт Түсіпбаева коронавируске асқан сенімсіздік білдерген Еспановты қатты сынның астына алған. Ол COVID-19 инфекциясына немқұрайлы қарап жүрген әріптесіне пандемияның қаншалықты қауіпті екенін өзі түсіндіріп беруге дайын екенін алға тартты.

"Жақында Нұрлан Еспанов "мен шетелден келдім, коронавирус жоқ, ұнға коронавирус жұқпайд" деген әңгімелер жазыпты. Мен оған өз парақшамнан "Нұрлан, сауатсыз болсаң, елді адастырма. Сауатсыз болсаң, маған хабарласшы" дедім. Құдайға шүкір екі тілді меңгердім, үшінші тілді меңгеріп жатырмын. Мен күнде әлемде не болып жатқанын барлығын біліп, өзімнің ой өрісімнен өткізіп, жақындарыма айтып жүрмін.
Оған қоса, Instagram мен Facebook парақшаларымдағы достарыма сақтану керек екенін жеткізіп жатырмын. Ал Нұрлан Еспанов сияқты танымал адамдар халықты адастырып жатыр. Мен оған нақты өз парақшамнан "Нұрлан, білмесең, түсіңбесең, зерттемесең маған айтшы. Мен саған тегін лекцияны телефонмен бір сағат оқуға дайынмын" деп жазғанмын. Елде не болып жатыр, Италия қырылып жатыр. Америка есіктерін жауып жатыр. Мекке мен Медина жабық екенін бәрі біледі" , - деп қатты айтып тастады әнші.

Нұрлан Еспанов өз кезегінде шу тудырған жазбасын қандай мақсатен жазғанын түсіндіріп берді. Бүгінде өнер иесі алматылық жомарт жандармен бірге мұқтаж отбасыларға көмек көрсетіп жүр.

"Өткенде мен халыққа басу айтқан болатынмын. Азық-түлік дүкендеріндегі жағдайды көріп, халықты сабырға шақырып басу айттым. Қорықпаңыздар, коронавирус ұнға жұқпайды ғой. Билік басындағылар азық-түлік бәрімізге жетеді деп айтқанын жеткіздім. Уайымдамауларын сұрадым. Ал қазір, екі маска мен антисептикпен жүрміз. Халықпен біргеміз, елден кетіп қалған жоқпыз. Карантин деп үйден шықпай жатырмыз" , - деді ол.

Айта кетейік, қос әншінің дауына қатысты "Ел аузында" бағдарламасының бөлімін Youtube желісінен өшіріп тастаған. Алайда, Түсіпбаева мен Еспановтың сұхбаттарының видеоүзіндісі Instagram желісіндегі qaz.stars парақшасында жарияланған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1850843-sauatsyz-bolsa-eldi-adastyrma-tsipbaeva-nrlan-espanovka-karsy-sykty/

pixel