Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда коронавирустан 15-адам қайтыс болды

Опубликовано:

Елімізде COVID-19 инфекциясынан тағы бір адам көз жұмды. 15-науқас Қостанай облысында тіркелген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Depositphotos

coronavirus2020-тің мәлімпетінше, марқұм 1945 жылы дүниеге келген. Осылайша елімізде COVID-19-дан көз жұмғандар саны 15 адамға жетіп отыр.

Өлім жағдайлары Нұр-Сұлтан (2), Алматы қаласы (2), Шымкент қаласы (2) қалалары мен Ақмола (4) Шығыс Қазақстан (1), Қарағанды ( 1), Павлодар (1), Түркістан облысы (1) және Қостанай (1) облыстарында тіркелген.

Ал 15-ші сәуірдегі соңғы мәліметтер бойынша жалпы елде коронвирус анықталған адам саны 1267-ге жеткен. Олардың 203-і COVID-19 инфекциясынан жазылып шыққан.

Ал әлемде коронавирус жұқтырғандар мен көз жұмғандар бойынша АҚШ көш бастап тұр.

Джонс Хопкинс университетінің мәліметінше, елде COVID-19-дан қайтыс болғандар 25 мыңнан, вирус жұқтырғандар 612 мыңнан асқан. BNO News мәліметінше, 33,8 мың пациент COVID-19 инфекциясын жеңіп шыққан.

Вирусты ең көп жұқтырған екінші мемлекет Испания болып отыр. Онда 172 мыңнан аса адамнан коронавирус анықталған. Айта кету керек, бұл елде жазылып шыққандар АҚШ-тан екі есеп көп. Испанияда 65 мыңға жуық адам КВИ-ден сауыққан.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1850851-kazakstanda-koronavirustan-15-si-adam-kajtys-boldy/

pixel