Выйти
RU

1275-ке жетті: Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 8 адам тiркелді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Елімізде коронавирус жұқтырған тағы 8 адам тiркелді. Осылайша, Қазақстанда COVID-19 инфекциясы анықталғандар саны 1275-ке жетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

"15 сәуірдің 12:30 уақытындағы эпидемиологиялық жағдай бойынша, коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 8 адам тiркелді, Қарағанды облысында – 1 адам, Нұр-Сұлтан қаласында – 3 адам, Ақтөбе облысында – 1 адам, Ақмола облысында – 1 адам, Қызылорда облысында – 2 адам", - делінген хабарламада. ⠀

Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 294 адам,

Алматы қаласында – 370 адам,

Қарағанды облысында - 81 адам,

Ақмола облысында - 80 адам,

Атырау облысында - 70 адам,

Жамбыл облысында - 49 адам,

Шымкент қаласында - 40 адам,

Шығыс Қазақстан облысында - 8 адам,

Алматы облысында - 24 адам,

Ақтөбе облысында - 13 адам,

Солтүстік Қазақстан облысында - 26 адам,

Павлодар облысында - 11 адам,

Маңғыстау облысында - 11 адам,

Тағы да оқыңыздар

Гиннес рекордтар кітабына енген қазақстандықтар тізімі

Қызылорда облысында - 126 адам,

Батыс Қазақстан облысында - 18 адам,

Түркістан облысында - 49 адам,

Қостанай облысында - 5, барлығы 1275 адам.

Ал әлемде коронавирус жұқтырғандар мен көз жұмғандар бойынша АҚШ көш бастап тұр.

Джонс Хопкинс университетінің мәліметінше, елде COVID-19-дан қайтыс болғандар 25 мыңнан, вирус жұқтырғандар 612 мыңнан асқан. BNO News мәліметінше, 33,8 мың пациент COVID-19 инфекциясын жеңіп шыққан.

Вирусты ең көп жұқтырған екінші мемлекет Испания болып отыр. Онда 172 мыңнан аса адамнан коронавирус анықталған. Айта кету керек, бұл елде жазылып шыққандар АҚШ-тан екі есеп көп. Испанияда 65 мыңға жуық адам КВИ-ден сауыққан.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
1275-ке жетті: Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 8 адам тiркелді